Басты бет » Тіршілік ырғағы » Тұғыры берік Тәуелсіздік

Тұғыры берік Тәуелсіздік

Осындан тура 30 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. Қазақ елінің егемендігін бүкіл әлем мойындады. Қазақтың көгінде азаттық туы желбіреді.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты салтанатты жиын өтті.

Шара барысында Ақжайық ауылдық модельді кітапхананың кітап көрмесі  қойылды. «Армандаған ұлы күн» композициясы көрсетіліп, жас  әншілер И. Муратов пен Н. Крумгалиевтың орындауындағы Б. Тілеуханның «Елім менің» әнімен ашылды.

Мерекелік шараға арнайы келген Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев Ақжайық ауылы тұрғындарын мерекелерімен құттықпап, жылы лебізін білдірді. Ауылдың көркеюіне, дамуына  үлес қосқан  түрлі сала мамандарын алғыс хаттармен марапаттады. Ақжайық ауылдық округі әкімі Болат Кадыралиев өз атынан мерекеге орай мекеме қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік концертте ауыл өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, Теректі балалар саз мектебінің хоры (жетекшісі жас ұстаз А. Крумгалиева) «Родина моя» әнін орындаса, «Ерке сылқым», «Ұршық» қазақ биілерін  «Ақбота» кіші, үлкен  би топтары (жетекшісі жас хореограф Қ. Каздукова) орындап, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, педагог-хореограф Слана Имашева жетекшілік ететін «Білезік» ұлттық қазақ би ансамблі сахна төрінде өнер көрсетті.

Аудан әкімі және ауыл тұрғындарының алдында алғаш рет сахнаға өнер көрсеткен Ақжайық ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған Нағима Мурадимова жетекшілік ететін «Шалқыма» вокалдық  келіншектер  ансамблі «Тәуелсіздікке тарту» әнін арнап, Д. Қажымовтың әні мен сөзіне жазылған  «Ақжайық ару мекенім» әнін орындады. Құрылған жаңа топқа жан-жақты қолдау көрсеткен Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, тәжірибелі маман Қайрат Какижановтың еңбегі зор.

Сондай-ақ, «Айгөлек» бөбекжай ұжымы «Қазақстаным» әнін, Теректі аудандық аурухана ұжымының Е. Хасанғалиевтың «Атамекен» хорымен аяқталды. Концертке қатысқан барша өнерпаздарға, қолдау білдірген ата-аналарға алғыс білдіреміз.

Көк байрағы желбіреген егеменді еліміз гүлдене берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!

 

Нағима Мурадимова,

  Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері