Қалиахмет Олимпиада барысында 8 партия өткізіп, 6 жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бір рет жеңілді. Ол 6,5 ұпай жинап, 2450 перформанс-рейтинг көрсетті.
Жас шахматшының Қытаймен өткен маңызды кездесудегі жеңісі де Қазақстан құрамасына үлкен үлес қосты. Сол ойында Қалиахмет Ян Тяньциді жеңіп, ұлттық құраманың алты дүркін Олимпиада чемпионы Қытаймен 2:2 есебімен тең түсуіне көмектесті.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы Олимпиаданы күміс жүлдемен аяқтады. Қытай құрамасы чемпион атанса, Үндістан қола медаль иеленді.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
