Жапонияда шынайы жылқыдан айнымайтын робот-жылқы көпшілік назарына ұсынылды.
Corleo деген атау берілген роботты Kawasaki Heavy Industries компаниясы дайындап шығарған. Құрылғы жылқының қимыл-қозғалысын, мінез-құлқын және дыбыстарын табиғи түрде қайталай алады.
Бұл робот пен мотоциклдің мүмкіндіктерін біріктірген ерекше техника құрастырылып, жолсыз жерлерде жүруге арналған жаңа көлік түрі ретінде қарастырылып отыр.
Құрылғының қуат көзі ретінде сутегі қозғалтқышы пайдаланылады. Ол электр энергиясын өндіріп, әр аяғындағы жетектердің жұмысын қамтамасыз етеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай технологиялар болашақта экстремалды туризмде, құтқару операцияларында және қиын жер бедерінде қатынас құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
