Арман 13 жасар бүлдіршін. Анасының берген кейбір үй жұмыстарын орындағысы келмей назданады. Бір күні анасы әдеттегідей үй жұмыстарын орындауды тапсырады. Көп ұзамай Арман анасына мынадай хат жазады:
«Ана, маған үй жұмыстарын істеткізгеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар:
- нанға бардым – 100 теңге;
- бөлмемді жинадым – 50 теңге;
- «5» алдым – 50 теңге;
- қоқыс төктім – 100 теңге;
- компьютер ойнамадым – 50 теңге;
- құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым – 50 теңге;
- киімдерімді реттедім – 100 теңге;
- кір киімдерімді кіржуғыш машинаға салып қойдым – 50 теңге.
Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар! Уақытысында төлемесеңіз, үстеме қосатыным айтып қояйын!»
Анасы Арманға мынадай жауап жазды:
«– саған ана сүтін бердім – 0 теңге;
- түнде қорқып оянғаныңда қасыңда болдым – 0 теңге;
- тамақ пісірдім – 0 теңге;
- науқастанғаныңда қасыңнан кетепдім – 0 теңге;
- түсінбеген сабағыңды түсіндірдім – 0 теңге;
- көңілсіз болғаныңда, қолдаушың болдым – 0 теңге;
- көңілді болғаныңда, бірге қуандым – 0 теңге;
- сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым – 0 теңге;
- сені еркелеттім – 0 теңге;
- ұнататын заттарыңды сатып алдым – 0 теңге»
Арман жазған хатынан ұялып қалады да, бұдан былай анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бар күшін салады.