Басты бет » Даналық дәптері » АНАЛАРҒА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕНЕР БОЛСА…

АНАЛАРҒА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕНЕР БОЛСА…

 

Сурет adyrna.kz порталынан алынды

Америкалық бір зерттеу бойынша, баламен үйде отырған ананың жасаған әрбір ісі және демалыссыз «жұмыс күндері» үшін еңбекақысы бір айда 10 мың доллардан асады. Еңбек рыногын зерттеушілердің баламен отырған ананың күнде жұмсайтын физикалық және рухани күш-жігерін материалдық тұрғыдан қарастыру арқылы алған нәтижелері таң қалдырады.

Осы зерттеме бойынша бір ананың балаларына және күйеуіне қызмет ету үшін бір-бірінен асқан ауыр жауапкершілігінің әрбірі «еңбек рыногының шәкілі» бойынша еңбекақы төленетін болса, қосымша сағаттарын қосып алғанда бір жылда 131 мың 471 доллар төлену керек екен! Яғни, мұғалім, еден жуғыш, аспаз, менеджер, мейірбике, экономист, тіпті шофер сияқты жұмыстардың бәрін бір уақытта жасағаны үшін айына алатын айлығы өте жоғары. АҚШ-та еңбек төлемін зерттейтін salary.com сайты бойынша аналардың «жұмыс сағаттары» көбіне 24 сағатты құрайды екен. Зерттеудің авторы Билл Колмен аналардың жұмысы өте қымбат әрі құнды екенін айта келіп: «Әйелдің еңбекақысын төлеуді былай қойғанда, оын есептеудің өзі мүмкін емес», – дейді.

Кемел Мырзагелді

«Ақыл қалта» кітабынан