Басты бет » Даналық дәптері » ЕҢ ЖҰМСАҚ ЖАСТЫҚ

ЕҢ ЖҰМСАҚ ЖАСТЫҚ

Ұйқыға жатар уақыт жақындаған сайын, қожайынның күрсінісі көбейіп, өзі мұңая бастайды. Мінекей, одан ұйқы қашқанына үш жыл болып қалды. Дәрігерлердің көрсетпеген емі қалмады.
Алайда олардың бірінің де пайдасы тимеді. Қожайын бірнеше рет кереуетін де ауыстырып көрді, бірақ бұл әрекетінің де көмегі тимеді.
Қожайынының қиналғанына жаны ашыған малайы:
– Сізге ұйқысы қатты адамды тауып алып, оның жастығын сатып алу керек, сонда сіз жоғалтқан ұйқыңызды табарсыз, – дейді.
– Сондай жастықты тезірек тауып әкелсейші маған, – дейді қожайыны қуанғаннан.
Малай ұйқысы тәтті адамды іздеп жолға шығады. Қожайынның барлық таныстарын аралап жағдайды түсіндіреді, алайда қожайынның таныстарының барлығының да ұйқылары нашар болып шықты.
Енді не істерін білмей отырған малайдың есіне оның өзі шыққан ауылының адамдары қатты ұйықтайтыны есіне сарт ете қалады. Ол бірден жиналып, алыс жолға аттанып кетеді. Ол ауылға демалыс күні таңертең келеді. Көше бойымен келе жатса, қисайған үйден шығып жатқан қорылды
естиді.
Малай ол үйдің есігін көп қағып тұрады.
Ақыры есікті ұйқысынан жаңа тұрған еркек ашып:
– Ұйқы бермедің ғой, не болды осыншама тарсылдатып? – деп айқайлайды.
– Ал сіздің ұйқың қатты ма? Түнде жақсы ұйықтайсыз ба? – деп малай міңгірлей бастайды.
– Не деп тұрсың, соны сұрау үшін келдің бе? Не деген адамсың? Бар кет өз жолыңмен! – деп ренжиді.
– Кешіріңізші мені, құдай үшін, бірақ маған өзіңіздің жастығыңызды сатыңызшы. Жастығыңызға қанша ақша сұрасаңыз да, сатып аламын. Менің қожайынымнан ұйқы қашқалы үш жыл
болды. Әбден қиналып бітті. Адамды аясаңыз өзіңіздің тәтті ұйқыға батыратын жастығыңызды сатыңызшы маған, қожайыныма апарып беріп, оған тыныш ұйқы сыйлайын, – дейді.
Осы кезде еркек мырс етіп күліп жіберді де:
– Мен жастықсыз ұйықтаймын. Ал негізінде сіз білесіз бе, ең тәтті, тыныш ұйқы беретін жастық – таза ар-ождан!
Қожайының осы туралы ойлансын, – депті.

Александра Лопатина

Қазақ тіліне аударған:
А. Джанұзақова