Басты бет » Даналық дәптері » Жүрсін ЕРМАН: «Кедейлік – жоққа шыдауға, барға ұмтылуға, армандауға үйретеді»

Жүрсін ЕРМАН: «Кедейлік – жоққа шыдауға, барға ұмтылуға, армандауға үйретеді»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Зинһар» бағдарламасына берген сұхбатында тағылымды ой айтып, келелі пікірімен бөлісті.

Жүргізушінің:
– Кедейшілік пен баршылық адамға не үйретеді екен?» деген сауалына:
Жүрсін ақын: «Кедейшілік бәріне үйретеді. Жоққа шыдауға да, алға қарай ұмтылуды да, армандауды да үйретеді. Кедейшілік – кісіні жетілдіретін бір құбылыс. «Кедеймін» деп өкпелеуге де болмайды. Жоқ кезің жақсы кейде. Жоқшылық қолыңды байлайды, кезінде қиын болуы мүмкін. «Қысқа жіп күрмеуге келмейді». Бірақ сол алға ұмтылдырады, талпындырады. Күреске жетелейді. Мен осылай түсінемін»
– Ал баршылық?
– Мен бай болып көрген жоқпын. Демеушілерім, достарымның арқасында жақсы өмір сүрген кездерім болды. Оңды-солды шашып, оның да қадірін білу керек екен. Астамшылыққа бастамай, жайшылықта біреуге көмектесе алмай жүресің жоқ. Сол баршылықта жоққа қол ұшыңды созып, көмектесіп, рухани ләззат табасың. Баршылықтың басқа қызығын көрген жоқпын.