Басты бет » Жастар үні » «Болашақ» түлегі тіс эмалін қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

«Болашақ» түлегі тіс эмалін қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

«Болашақ» түлегі, PhD, биолог-генетик Бауыржан Айтуов тіс эмалін қалпына келтіретін InnoDent технологиясын ойлап тапты. Аталмыш жаңалық тіске түсе бастаған дақ түріндегі кариесті емдеуге мүмкіндік береді.


Бауыржан әріптестерімен бірге бұзылған эмальды қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездеді. Оның айтуынша, оны кариестің алғашқы сатысында тіске тамызса, бір ай ішінде тіс эмалі қалпына келеді. Осылайша, дәрі тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік береді.
Өнертапқыштың технологиясы патенттелген. Бүгінгі таңда бұл препататты тек елде ғана емес, шетелде де қолданып отыр. Елімізде Алматы мен Астананың тіс емханалары пайдаланып жүр.
Бауыржан Айтуов «Болашақ» бағдарламасымен Йорк университетінде генетика саласындағы бакалавр дәрежесін алды. Қазақстанға оралғаннан кейін оқуын ЕҰУ-да жалғастырып, онда магистр және кейіннен доктор дәрежесін алды. 2011-2014 ж. Ж. Назарбаев Университетінде қызмет атқарған.
Бүгінде жас ғалым әртүрлі биотехнологиялық жаңалықтарды ашумен айналасып жатыр. Бауыржан – «InnoDent» ЖШС және «Center for BioEnergy Research» ЖШС негізін қалаушы.