Басты бет » Жастар үні » Ауыл дәрігері Әйгерім «Болашақ» стипендиаты атанды

Ауыл дәрігері Әйгерім «Болашақ» стипендиаты атанды

Әйгерім Жандос – Қостанай облысы Әулиекөл аудандық ауруханасының акушер-гинекологы. Қазір ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы Израильде тағылымдамадан өтіп, гинекологиядағы инновациялық технологиялар мен жедел әдістерді қолдану саласында біліктілігін арттырып жатыр.


«Болашақ» бағдарламасының арқасында шетелде құнды тәжірибе алып жатырмын. Шетелде білім алуға көбісінің шамасы келе бермейді. Ал «Болашақ» стипендиясы білім алу үшін бүкіл жағдай жасап, тек білімді меңгеруге мүмкіндік береді», – дейді Әйгерім.

Әйгерім шамамен төрт жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Әулиекөл ауылына жұмыс істеуге келген. Ауылдық ауруханада ол босандыру бөлімшесінде жүкті әйелдерге шұғыл көмек көрсетеді, гинекологиялық оталар жасайды, түрлі ауруларды емдейді. Шетелде тағылымдамадан өткеннен кейін ол өзінің ауруханасына оралып, ауылда тұратын жүкті әйелдерге ең заманауи және білікті көмек көрсетуді жоспарлап отыр.