Президент «Жаңа адамдар» жастар қозғалысын құру туралы бастаманы құптап, белсенді жас қазақстандықтарға әрдайым қолдау көрсетететін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті түбегейлі жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл туралы akorda.kz жазды. – Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын ...
Толығырақ »Жастар үні
Студенттермен ашық әңгіме
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректорының м.а., ҚР ҰҒА академигі, профессор Ақылбек Күрішбаевтың студент жастармен бүгінгі кездесуі ашық және өзара сенімді әңгіме түрінде өтті. Студенттер – елдің ертеңгі болашағы. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің күш-қуатының артуына алдағы уақытта барынша үлес қосатын, өркендететін бәсекеге қабілетті білікті мамандар да солар. Сондықтан студенттер қауымына қамқорлық жасау — қоғам мен мемлекеттің ең басты міндетінің ...
Толығырақ »Абзал ӘЖІҒАЛИЕВ, шорт-трекші: Шын патриоттарға әрқашан Ту биік, биікте! (видео)
Абзал Әжіғалиев – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері, шорт-трекші. 2014 жылы Сочиде, 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиадаларға, осы жылы Бейжіңдегі қысқы ойындарда шеберлік көрсеткен спортшымыз үнемі өзінің еліне деген сүйіспеншілігін танытып, әлеуметтік желідегі парақшаларында жазбалар қалдырып келеді. Күні кеше қайта оралған Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай үйінің терезесіне ту іліп, Фейсбук парақшасында жазба жариялады. ...
Толығырақ »«Менің елім – менің Туым» акциясы бастау алды
Бүгін «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері еліміздің барлық өңірінде «Менің елім – менің Туым» деп аталатын ауқымды акцияны бастады. «Жастар рухы» Жастар қанатының баспасөз қызметі хабарлады. Республика күні қарсаңында «Жастар рухының» белсенділері әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды өз үйлерінде Қазақстанның Көк байрағын ілуге шақыратын челлендж бастады. Акцияға мыңнан астам волонтер қатысып жатыр. Олар бүкіл еліміз бойынша 5 мыңнан астам туды орнатуға көмектесті. «Бұл акцияны ...
Толығырақ »Рухтастар Cases: білім, еңбекқорлық, патриотизм
Елордалық жастар «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Cases» диалог алаңында осы тақырыпты талқылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде жастардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқаратын үш басымдықты атап өтті. Бұл – отансүйгіштік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық. Кездесуде Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының ...
Толығырақ »Студенттер шәкіртақысы артты
ЖОО-да студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес енді университет студенттері 31 000 теңгенің орнына 36 000 теңге алады. Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық. Интерндерге 66 000 теңге, магистранттарға 87 000 теңгедей төленеді. Ал докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 000 теңге болатын. ...
Толығырақ »Қ.Тоқаев: Жастардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш
Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру ісіне баса назар аудару, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүйелі жүзеге асыру турасында, сонымен қатар жастардың елде еңбек етуіне, ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік туғызу жайын сөз етті. «Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 ...
Толығырақ »Санжар ТАЙЖАН, жас өнертапқыш: Бала күнімнен технологияға әуес болып өстім
Өткен жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі танылған өнертапқыш Санжар Тайжан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. 24 жасар Санжар бала күнінен технологияға қызыққанын айтады. Бұл туралы жас өнертақышпен inform.kz тілшісімен сұхбатында айтты. «Күн сайын таңғы шайдың алдында отбасылық көлігімізге барып амандасатынмын. Төрт жасымда машиналардың барлық маркасын жатқа білетін едім. Ата-анама бұл күлкілі көрінетін. Ал 6 жасымда өзім ойлап табатын ...
Толығырақ »“АХМЕТ — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ”
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет – ұлттың ұлы ұстазы» атты шара өтті. Ізгі шараға Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, доцент, ғалым Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаева, облыстық мәслихат депутаты, Қаратөбе ауданындағы «Алаш» музейінің құрылтайшысы Ержан Қайыржанұлы Хасанов, «Алаш» байқауларының жүлдегері, «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Жандос Жанұзақұлы Хамза, ...
Толығырақ »Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Сонымен қатар кездесуде Taskrabbit com компаниясының стратегия және даму жөніндегі жетекшісі ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы