«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова елордалық және Атырау облыстық филиал волонтерлерімен, қала тұрғындарымен бірге су тасқынын алдын алу үшін жұмыстарға жұмылдырылды.
Айта кетеміз, бүгін Маңғыстау облыстық филиал волонтерлері де Атырау облысына көмекке келіп, қосылатын болады. Сондай-ақ волонтерлер Атырау облысында гуманитарлық көмекті тұрғындарға үлестіреді.