Қызығы мен қиындығы қатар жүретін полиция қызметінде өзі де, жұбайы да осы салада бірге еңбек етіп жүрген ерлі-зайыптылар бар. Сондай табанды және қажырлы мінезге бай, адами қасиеттерді басты құндылық деп бағалайтын Құрманалиевтер отбасы көпке үлгі боларлықтай.
Аида Құрманалиева — Абай Пб Жергілікті полиция қызметі тобының инспекторы лауазымында еңбек етуде. Бүгінде полиция аға лейтенанты. Жары — Талғат Құрманалиев әділет подполковнигі. Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №28 мекемесі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымында. Еңбек өтіліне бай Талғат Серікқалиұлы — ұжымының мақтанышы, білікті қызметкер.
Жүрек жылуы мен мейірім ұялаған отбасында төрт ұл-қыз өсіп келеді.
Жарасым мен үйлесім қоныс тепкен шаңырақта шаттық мол болсын.
Мереке құтты болсын!
Орал қ.ПБ