Басты бет » Өнер – өмір өрнегі (страница 14)

Өнер – өмір өрнегі

Ақынмен өткен әсерлі кездесу

16 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде айтыскер ақын, манасшы, сатирик, драматург Баянғали Әлімжановпен кездесу кеші өтті.   Кеш Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлының құттықтау сөзімен басталды. Еркін форматта өткен кездесуді айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жүргізді. Кеште Баянғали Әлімжановты көрермен әр қырынан тани алды. Ақынның шешендігі, ақындығы, жыршылығы тамсандырмай қоймады. Манас жырын алғаш естіген студенттердің әсерленгені жанарынан, ...

Толығырақ »

       «Бір кем дүние»

 Он сегіз мың ғаламды тылсым, құпияларға толы етіп жаратқан Жаратушының қасиеті шексіз. Осынау құпияға толы табиғатты, толыққанды зерттеп, зерделеп, бірі кітап қылып, екіншісі көркем шығармаға айналдырып жарыққа шығаруда. Табиғи құбылыспен, құпияға метафоралық теңеулерге, астарға, тартысқа толы шығармалардың бірі – жазушы Шерхан Мұртазаның «Текебұрқақ» әңгімесі. Режиссер Болат Ұзақов 2012 жылдың тамыз айында аталмыш әңгімеге өзі инсцинировка жасаған. Он алты беттен тұратын ...

Толығырақ »

Рухани байлықтың кәусар бұлағы – театр

3 ақпан күні Астана политехникалық колледжінің студенттері Астана қаласы əкімдігінің Жастар театрында қазақ киносы мен театрының жұлдыздарымен кездесті. Колледж оқытушысы Алмагүл Джанұзақованың ұйымдастыруымен өткен тамаша кездесу  «Рухани байлықтың кəусар бұлағы – театр» аталды. Кездесуге келген колледж студенттері алдымен театр сахнасында қойылған Сəкен Жүнісовтың «Тырау-тырау, тырналар» қойылымын тамашалады. Қойылымнан кейін кездесу басталды. Кездесуге Дəурен Серғазин, Бахыт Хаджыбаев, Азамат Эскулов, Мейірғат Амангельдин, Ербол ...

Толығырақ »

Димаш «Үздік әртіс» атанды

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген кезекті рет жоғары дәрежелі марапатқа ие болды. Ол Қытайда «Үздік әртіс» атағын жеңіп алды. Бұл туралы Димаш Instagram парақшасында жазды. «Global golden chart awards марапаттау салтанатында мен «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атандым. Белгілі себептерге байланысты бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерімді көрсете алмадым. Алдағы уақытта барлықтарыңызды жаңа әндеріммен қуантатын боламын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет!» –  деп жазды ...

Толығырақ »

    «Досанов һəм Тозақ шеңбері»

Жыл соңын ала келер желтоқсан айына ойлы жан бей-жай қарай алмайтын сияқты. Əр қазақ үшін қасіретті де қасиетті кезеңдер еріксіз ойға оралып, күрсінтері хақ. Жылжабар ай болғандықтан, əр мекеменің есебін түгендеп, əуреге түсіп жататыны да осы кез. Басқаны қайдам, облыс орталығындағы іргелі өнер ошағы саналар Хадиша Бөкеева атындағы БҚО драма театрының бұл тұрғыда жүзі жарқын, еңбегі елеулі. Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында театр ...

Толығырақ »

Театр сахнасында – «Зере»

Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында ерекше қойылымның премьерасы өтті. Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулеттің алғашқы драма саласындағы «ЗЕРЕ» спектаклі – елдігімізді, ұлтымызды ұлықтайтын қомақты дүниелердің бірі. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Қоюшы суретшісі – Берік Бурбаев. Аталған драмалық туынды Қазақстанның Халық артисі Гүлжан Әспетованың 50 жылдық шығармашылығына арнайы жазылған. Елу жылдық ...

Толығырақ »

Қайтейін, қадіріңді білмеппін…

Еһ, шіркін, уақыт-ай! Көзді ашып-жұмғанша ағын су іспеттес зуылдайды келіп, зуылдайды. Сол зуылдаған уақытпен өміріміздің де ағып жатқандығын байқамаймыз-ау кейде. Уақытпен оза шапқан өмірімізде жасаған жаманды-жақсылы, ірілі-ұсақты істерімізге кейбіреуіміз мән бермей, әйтеуір жанталаса жүріп келеміз. Жұртшылықтың мәдени-көркемдік талғамын қалыптастыруда еңбегі орасан Батыс Қазақстан облысындағы қазақ драма театры таяуда тағы бір тамаша туындының тұсауын кесті. Ол баршаға белгілі башқұрт драмтургі Флорид ...

Толығырақ »

«Ойран», ойлан!

       «Ойран». Осы бір-ақ ауыз жағымсыз сөздің адам тағдырына кері әсерін, зиянын айтып жатудың өзі артық. Ойран болған өмір, тағдыр, ойран болған арман, ойрандалған отбасы. Бұл қоғамда орын алып жатырған ащы шындық. Себебі бүгінде жастардың санасын жаулап, улаған сан түрлі ағымдардың, яғни діни секталардың қоғамға қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес. Онымен көп болып күресу – бүгінгі күннің ең бір өзекті ...

Толығырақ »

ДҮЛДІЛ

ДҮЛДІЛ Димаш Құдайбергенге Шырқай білген шынайы сан ғасырдай, Алты қырдан қазақ па, әнді асырмай… Әлем біткен әншіге жалт қарады, Әміренің әдемі жалғасындай! Құбылыссың ерекше, білем мүлде, Атыңды айтып әр қытай жүрер күнде. Аспан асты елінде асқақ тұрдың, Аспан астын шулатып жібердің де… Ән шырқаған дала мен тауда мәңгі. Қазақ әлем назарын аударар-ды. Қырдың үні қытайды қырып салып, Дала даусы дүниені ...

Толығырақ »

Қазақ ұланы – «Азияның ең танымал әншісі»

«Қазағым, осы шығар тектілігің, Қуанып мақтанатын жетті күнің. Ең үздік Азияның әншілері, ДИМАШқа жанкүйер боп кетті бүгін!..» Ия белгілі ақын Саят Әбенов «Қуан, Қазақ!» деп Димаш бауырына жыр арнапты. Расымен де, қуан қазағым! Қуанатын күн туды. Ұланың сені әлемге танытып, қазақтығыңды, азаттығыңды асқақтатып жатыр.  Күні кеше өткен бүкіл Азия жұрты көз тіккен үлкен додада жас әнші Димаш Құдайберген топ жарып ...

Толығырақ »