Басты бет » Жаңалықтар » «Шайн мускат» жүзімінен ағзаға зиян заттар табылған жоқ

«Шайн мускат» жүзімінен ағзаға зиян заттар табылған жоқ

Соңғы уақытта қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызып, «хит» тауарға айналған «шайн мускат» жүзіміне Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасымен зертханалық сараптама жүргізілді. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес жүзім құрамынан карантиндік зиянкестер табылмады, деп хабарлайды Jastar janary порталы.

Сондай-ақ ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш, – делінген министрлік хабарламасында.