Karga Seven Pictures-тен жобаның атқарушы продюсері және режиссері Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және қоюшы-суретші Зеки Сарайоглу мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жеке кездесіп, Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы шағын сериалдың түсірілімі барысын талқылау үшін Қазақстанға келді. Бұл туралы кино мамандары желідегі парақшасында жазды.
Продюсерлік компанияның өкілдері сценарий бойынша жұмыстың аяқталғанын хабарлады, оны әзірлеуге белгілі жазушы Джастин Поллард («Викингтер») және Клэр Мурсом (Король вне закона), сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысты.
Сондай-ақ олар сценарийді әзірлеу кезінде Жошы ұлысының, Алтын Орданың тарихын, сонымен қатар көшпелі халықтар мен қазақтың мәдени құндылықтары мен өмір салтын зерттеу жүргізілгенін мәлім етті.
Бүгінде түсірілім орындарын іздеу аяқталды және кастинг жүріп жатыр. Сериалдың түсірілімі жақын арада басталады деп жоспарланып отыр.