Басты бет » Жаңалықтар » Ләйлә Сұлтанқызы: Тәтті шай, сырға салу, құдалық, тойды біріктірсек…

Ләйлә Сұлтанқызы: Тәтті шай, сырға салу, құдалық, тойды біріктірсек…

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен анасы күні кеше Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының маhр мен қалың малды біріктіргенін қолдап жазба қалдырды, деп хабарлайды Jastar janary.


Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.

«Məһр де жоқ, тақыр да жоқ…
Жүзік салынған бір пияла суды бәрі ішіп, неке қиятын заманнан. Мәһр мен қалың малдың қосылғанын да қолдап отыр.
Енді тағы ысырапшылдықты азайтсақ, иә? Өткенде «той жасадыңыздар ма, шашылдыңыздар ма, қанша кетті?» деп оқырмандардан сұрасам бола ма… Біразы қарызға белшесінен батқанын айтты. Иә, той деген береке, алыс-беріс, басқосу ғой. Дегенмен 2-3 сағаттың артын жылдар бойы өтейміз де жатамыз. Мысалы, тәтті шай, сырға салу, құдалық, тойды біріктірсек, оның өзі біраз үнемдеу. Сосын тойдың бәрі түсте болса қайтеді деп қоям, асқазанды ойлап жатқаным ғой… Ұйқы да, ағза да тыныш», – деп өз ойымен бөлісті.