Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Алтынай Өтетілеу әлемдегі ең беделді ғылыми-инженерлік байқаулардың бірі Regeneron International Science and Engineering Fair (ISEF)-2026 халықаралық кезеңіне қатысып, өз жобасын халықаралық деңгейде таныстырды. 16 жастағы оқушы АҚШ-та өткен халықаралық жас ғалымдар байқауында ел намысын қорғады. Алтынай Өтетілеу атмосфераның жай-күйін зерттеуге арналған зымыран құрастырған. Бұл туралы turkistan.tv жаңалықтар қызметі хабарлады. Өнертапқыштың жобасы ...
Толығырақ »Архив блога
Қазақ жігіті АҚШ-тағы әйгілі телеарнаның басшылық қызметіне тағайындалды
Жақында белгілі қазақ журналисі Талғат Алманов Нью-Йорктің әйгілі ABC 7 (Буффало) телеарнасына Executive Reporter қызметіне тағайындалды.Ол Нью-Йорк университетінде журналистика мамандығын меңгерген. Кейін Джорджия штатындағы Atlanta News First телеарнасында журналист әрі продюсер болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, бұған дейін мемлекеттік телеарнаның бірінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болған. Фото: facebook/Talgat Almanov Қазақ журналисінің негізгі міндеті – редакция жұмысын ұйымдастыру, әзірленетін материалдардың сапасын бақылау және ...
Толығырақ »«КітапХан» әдеби YouTube-шоуы «Кітап оқитын ұлт» марафонына қосылды
Миллиондаған қаралым жинап, көрерменнің ықыласына бөленіп келе жатқан «КітапХан» әдеби YouTube-шоуы «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қосылды. Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен жүзеге асқан бұл қадам жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және әдеби шығармаларды кеңінен насихаттауға бағытталған. «КітапХан» – қазақ және әлем әдебиетін әзіл мен еркін пікірталас арқылы көпшілікке таныстыратын жоба. Бағдарламада көркем шығармалардың мазмұны талқыланып, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен қаламгерлер көтерген мәселелерге назар аударылады. ...
Толығырақ »Робот құрастырған өрендер: Шымкентте ерекше сайыс өтті
Шымкентте мектеп жасына дейінгі балалар арасында тұңғыш рет робототехника жарысы ұйымдастырылды. Сайысқа ата-анасымен бірге қатысқан 30 команда LEGO конструкторы арқылы робот құрастырып, оны басқаруға арналған бағдарлама әзірледі. RoboPark робототехника және бағдарламалау мектебі ұйымдастырған жарысқа қаладағы бес балабақшаның тәрбиеленушілері мен орталық оқушылары қатысты. 3-5 жастағы бүлдіршіндер әкесімен немесе анасымен жұптасып, өзара бақ сынады. Сайыс барысында қатысушылар LEGO WeDo 2.0 конструкторының көмегімен ...
Толығырақ »Министр шығармашыл жастармен кездесті
Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен негізгі бастамалары сөз болды. Кездесуге жас кәсіпкерлер, дизайнерлер, музыканттар, режиссерлер, продюсерлер, блогерлер, журналистер, ғалымдар, зерттеушілер мен спортшылар қатысты. Сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, жастар ұйымдары мен волонтерлік қозғалыс көшбасшылары және студенттер жиналды. Министр Жолдауда айқындалған ...
Толығырақ »Есірткіні жарнамалайтын 2 мыңға жуық жазу мен суреттер өшірілді
Елімізде әлеуметтік желілер, мессенджерлер, QR-кодтар мен ғимарат қабырғаларындағы жазулар арқылы есірткі жарнамасының таралуына қарсы күрес жалғасуда. Осы мақсатта «Әділет» партиясының жастар қанаты еліміздің барлық өңірінде «Есірткіге жол жоқ» акциясын өткізді. Жастар есірткіні насихаттайтын 2 мыңға жуық жазу мен суретті өшірді. Бастаманы жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен прокуратураның өкілдері, қоғам белсенділері қолдады. Іс-шараға мыңға жуық жас қазақстандық қатысты. Негізгі мақсат – ...
Толығырақ »Жастар «Қауіпсіз қала» акциясын өткізді
«Әділет» партиясының жастар қанаты ел аумағында ұйымдастырылған «Қауіпсіз қала» акциясы кезінде 100-ден астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және тұрғындарға қауіп төндіретін олқылықтарға қатысты деректі анықтады. Үш күнге созылған акцияға 2 мыңға жуық жас белсенді қатысты. Президент Жолдауында айрықша атап өтілген «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген акция еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласын қамтыды. Жастар бастамасына жергілікті полиция қызметінің, ...
Толығырақ »Қазақ студенті Әлем чемпионатында рекорд орнатты
Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында М.Әуезов университетінің студенті Нұрғиса Әділетұлы әлем рекордын жаңартты. Қазақстан құрамасы сапында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтеріп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Нұрғиса Әділетұлы – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құқықтану» (6В04210) білім беру бағдарламасының ІІ курс студенті. Әлемнің үздік ауыр атлеттері ...
Толығырақ »Телефонды кітап оқуға пайдаланудың 7 пайдалы тәсілі
Смартфон кітап оқуға кедергі де, мүмкіндік те бола алады. Мұның бәрі оны қалай пайдаланатынымызға байланысты. Әлеуметтік желідегі қысқа видеолар кітаппен таныстыруы мүмкін, ал электронды кітапханалар қажетті шығарманы кез келген жерде оқуға жол ашады.Сурет: ЖИ Алайда ақпараттың көптігіне алданып, кітаптың қысқаша мазмұнын оқумен шектеліп қалмаған жөн. Толық шығарманы оқу адамды ойлануға, талдауға және өз пікірін қалыптастыруға үйретеді. Ең бастысы, телефонға жұмсайтын ...
Толығырақ »25 жасында кеме экипажын басқарады: Теңізші қазақ қызының өмірі
Кемеде экипаждың жұмысын ұйымдастырып, қауіпсіздігіне жауап беретін Нұрай Абилканова небәрі 25 жаста. Ол – Қазақстан флотында капитанның аға көмекшісі қызметін атқарып жүрген жалғыз қыз. Төрт жыл ішінде капитанның үшінші көмекшісінен басшылық қызметке дейін көтеріліп, халықаралық кемелерде жұмыс істеп үлгерген. Алайда көбіне ер азаматтар жұмыс істейтін теңіз саласында мұндай дәрежеге жету оңай болмады. Нұрайға кәсіби біліктілігін дәлелдеп, түрлі қиындықтарды еңсеруге тура ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы