Елордада техникалық және өндірістік салаларда табысты мансап құруға қызығушылық танытқан 300-ден астам жасты біріктірген «Болашақтың жұмысшы мамандықтары» жастар форумы өтті. Форум Астана қалалық «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті және Қазақстан жастары арасында жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Форумға «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, «BI Group» компаниясының даму жөніндегі басқарушы директоры Бексұлтан Олжабай, ...
Толығырақ »Жастар үні
Ертай НҮСІПЖАНОВ: ТАНЫМАЛ БОЛУҒА ЕМЕС, ПАЙДАЛЫ БОЛУҒА НИЕТ ҚОЙ…
Қоғамның шындығын шырақ алып іздейтін, сөздің салмағын сезіне сөйлейтін журналистің еңбегі – ел айнасы. Осы мақсаттан айнымай, журналистиканың жауапкершілігін биік қоятын қалам иелерінің бірі – белгілі журналист Ертай Нүсіпжанов. Ол үшін журналист болу – жай мамандық емес, ар мен адалдықты ту еткен өмірлік ұстаным. Осы орайда адалдықтың ақ туын нық ұстаған журналист Ертай Нүсіпжановпен болған шағын сұхбатты ұсынамыз. – Аға, ...
Толығырақ »Қызылордада жастар әлем чемпиондарымен жүздесті
«Жастар Рухы» Қызылорда облыстық филиалы мен 125highschool Қызылорда мектебінің ұйымдастыруымен «Чемпиондық Рух» жобасы және «Bir tolqynda» ашық диалог алаңы өтті. Іс-шараға әлемдік деңгейдегі спортшылар қатысты: 2025 жылғы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» жеңімпазы, «Әлем барысы» жүлдегері Мақсат Исағабылов, пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионы Фариза Төлжан және жасөспірімдер арасында Азия және Әлем рекордын жаңартып, екінші мәрте Әлем ...
Толығырақ »Қазақ жастары жасаған «Aleem» қосымшасы әлемді мойындатпақ
Қазақстандық студенттер «Aleem» атты жаңа қосымша әзірлеп шығарды. Қос бірдей қазақстандық бағдарламашы жасаған «Aleem» деп аталатын ағылшын тілін үйрететін тегін мобильді қосымша әлем назарын өзіне аударып отыр. Жобаның негізін қалаушылар – 21 жастағы Асылжан мен 19 жастағы Ален Алтай. Олармен бірге қазақ жастарынан құралған команда жұмыс істейді. Қосымша App Store платформасында ел аумағында әйгілі Duolingo-ны басып озып, көш бастап тұр. ...
Толығырақ »ІТ стартаптар ел болашағы үшін маңызды
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті. Президентке еліміздің алғашқы «сыңармүйіз» стартапы – Higgsfield AI жасанды интеллектіге негізделген кинематографиялық сапалы бейнені генерациялауға арналған платформасы, Deep Infra – машиналық оқыту модельдерін орналастыруға және іске қосуға арналған қызмет, Valinor – биотехнология саласындағы стартап, ARC Drones – автономды дрондарды әзірлеуші, сондай-ақ басқа да перспективті жобалар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Silkroad ...
Толығырақ »Ақтауда тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін Ақтау қаласында Қазақстанның бастамасымен тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері, сарапшылар сала өкілдері қатысуда. Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру. Чемпионаттың ...
Толығырақ »Талантты жас кондитер – Асылжан
Оқу-ағарту министрлігі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Мамандыққа жол» айдарын түрлі салада білім алып жүрген белсенді жастарды таныту, олардың өздерінің болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншілігі мен ынта-ықыласын арттыру мақсатында қолға алды.«Мамандыққа жол» айдарының кезекті кейіпкері Павлодар технологиялық колледжінің – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті Асылжан Мейрам. Оның ұннан жасалған кондитер өнімдерін пісіру саласында төрт жылдан астам тәжірибесі бар. Мейрамның бала кезіндегі қызығушылығы ...
Толығырақ »Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін
Фото: khabar.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың ...
Толығырақ »Бәріміздің ортақ жеңісіміз: Темірлан Анарбеков желіде жазба қалдырды
Жақында Алматы қаласында өткен «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» арасындағы кездесудің қаһарманы атанған жас футболшы, «Қайрат» футбол командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бүкіл Қазақстанға және әр жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін рақмет! Бұл жетістік — бәріміздің ортақ жеңісіміз! Бірге біз мықтымыз! Алға Qazaqstan!» – деп жазба қалдырды.
Толығырақ »«Жұмысшы жастар аманаты»: Таразда жастар форумы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс алаңында форум ұйымдастырды. Форум жұмысына Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, өңірге танымал еңбек ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы