Басты бет » Жаңалықтар » Жәнібек САВЕЛЬЕВ: Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас

Жәнібек САВЕЛЬЕВ: Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас

Біраздан бері ел назарында жүрген Бельгияда өскен қазақ баласы Жәнібек Савельев әлеуметтік желіде жазба жариялап, Қазақстанға оралуды аңсайтынын, анасын ойлап, алаңдап жүргенін жазды, деп хабарлайды Jastar janary.

«Баршаңызға қайырлы күн!!!
Өздеріңізге белгілі, сіздер менің отбасым сияқтысыздар, сондықтан Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас.
Менің жағдайым жақсы! Бірақ соңғы уақытта туған анамды табуға арнаған әр сәтті, әр сағатты ойлап, алаңдаулы күйде жүрмін.
Бұйырғаны болар», – жазды Жәнібек.
Панамадағы Бару жанартауы жанында түскен фотосуретін жариялаған ол өзінің жүрекжарды сөздерін жазған.

– Мына суретте мен Панамадағы Бару жанартауындамын. Оның биіктігі 3450 метр, басына шығып түскенше 10 сағат кетті. Біз 2000 метр биіктікте, жартасқа жабысып ұйықтадық… термометр 2 градусты көрсетіп тұрды…
Мен үшін өмір деген – бұл тәжірибе және маңызды естеліктерді сақтау, ұмытпау.
Бірақ дәл осындай естен кестпес күндерді бауырларыммен және әке-шешеммен бірге өткізсем, тіпті керемет болар еді.
Сіздер менің жүрегімдесіздер, мен үнемі сіздерді ойлап жүремін.
Біз жақын арада жүздесеміз, кездескенше күн жақсы болсын! – дейді елі мен ата-анасын аңсаған қазақ баласы.