Басты бет » Топжарған

Топжарған

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова V Азия Пара ойындарында рекорд орнатты

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғаған елордалық спортшы Айсұлу Сүлейменова 100 метрге жүгіруден Азияның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Jastar janary. Айсұлу екі аяғының зақымдануына байланысты арнайы жүгіру протездерін пайдаланатын спортшыларға арналған T62 санатында өнер көрсетеді. Алайда өз санатында басқа қатысушылар болмағандықтан, ол бір аяқтың зақымдануына байланысты протез пайдаланатын спортшылар бақ сынайтын T64 санатының өкілдерімен бірге ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИБЕРСПОРТШЫ МАЛЬТАДА ӨТКЕН CS2 ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Фото: danil.molodoy_ инстапарақшасынан Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) өнер көрсететін FURIA командасы Thunderpick World Championship 2026 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Jastar janary. Мальтада өткен Counter-Strike 2 турнирінің финалында FURIA қарсыласы BETBOOM командасын 3:2 есебімен жеңді. Тартысты кездесуде қазақстандық ойыншы 85 қарсыласын жойып, командасының жеңісіне зор үлес қосты. Осылайша, FURIA екінші жыл қатарынан чемпиондық атағын қорғап қалды. Ал команда 500 ...

Толығырақ »

АҚТАУДА VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК «CASPIAN GAMES – 2026» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Ақтау қаласында Yessenov University базасында VIII халықаралық студенттік «Caspian Games – 2026» ойындары өтті. Ауқымды спорттық дода Қазақстан мен шет мемлекеттердің студент жастарын бір алаңға тоғыстырды. Халықаралық спорттық іс-шара Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттік спортты дамытуға, сондай-ақ жастар арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталды. Жарысқа Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан университеттерінің студенттері ...

Толығырақ »

16 жастағы әлем чемпионы Олимпиадада бақ сынайды

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткеннен кейін енді Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Бұл туралы Jastar janary 1bol.kz арнасына сілтеме жасап жазды.  16 жастағы спортшы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайды. 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сұпығалиева өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Фатима ...

Толығырақ »

Шымкентте «Тартыл FEST» дәстүрлі спорт фестивалі өтті

Шымкент қаласындағы «Арбат» аллеясында жастар арасында воркаутты кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған дәстүрлі «Тартыл FEST» спорт фестивалі өтті. Спорттық іс-шараға салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары, әуесқой спортшылар мен тәжірибелі атлеттер қатысты. Фестиваль жоғары көңіл-күй мен тартысты бәсекеге ұласты. Іс-шара барысында қатысушылар белтемірге тартылудан өзара бақ сынасып, күш пен төзімділіктерін көрсетті. Фестивальдің ерекшелігі – қатысушыларға қатаң жас шектеуінің қойылмауы. ...

Толығырақ »

Азия ойындары аяқталды: 84 медаль – жаңа белес

Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды Jastar janary FASTNEWS.KZ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынында 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль бар.   Фото: olympic.kz Бұл нәтиже Қазақстан спорты үшін маңызды жетістік болды. Өйткені 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ...

Толығырақ »

Алматыда «Рух марафон – 2026» спорттық сайысы өтті

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі мен Жетісу ауданының демалыс орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Рух марафон – 2026» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, дене шынықтыру дағдыларын дамыту, сондай-ақ командалық рухты, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Марафонға ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ЖЕҢІС: ТАЕКВОНДОШЫ ТАМИРЛАН ТІЛЕУЛЕС – АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды. Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті. Тамирлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Кездесудің қорытындысы бойынша Тілеулес 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында ...

Толығырақ »

ҚОС БОКСШЫМЫЗ АЗИАДА АЛТЫНЫН ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

Бүгін алғаш болып Азия ойындарының финалында атой салған отандасымыз Төрехан Сабырхан, кейін команда капитаны Айбек Оралбай алтын еншілеп қазақстандық бокс жанкүйерлерін қуантты. Сабырхан Қазақстан боксының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтынын иеленіп отыр, деп хабарлайды Jastar janary. Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Отандасымыз қарсыласын 5:0 ...

Толығырақ »

Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы: Жас шахматшымыз үздік нәтиже тіркеді

Қазақстандық шахматшы Елназ Қалиахмет Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында жеке есепте алтын медаль жеңіп алды. 16 жастағы отандасымыз төртінші тақтада өнер көрсетіп, үздік нәтиже тіркеді. Қалиахмет Олимпиада барысында 8 партия өткізіп, 6 жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бір рет жеңілді. Ол 6,5 ұпай жинап, 2450 перформанс-рейтинг көрсетті. Жас шахматшының Қытаймен өткен маңызды кездесудегі жеңісі де Қазақстан құрамасына үлкен ...

Толығырақ »