Басты бет » Жастар үні

Жастар үні

ЕРКЕБҰЛАН ТОҚТАР: Киноның 90 пайызы ақша, касса жинау үшін ғана түсіріліп жатыр

Фото: Әлеуметтік желіден Бүгінде кино түсірушілердің көбі шығарманың мазмұны мен көркемдік сапасынан гөрі кассалық табысқа басымдық береді. Танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар соңғы бір жарым жылдан бері киноға түспейтінін айтты. Ол отандық киноиндустриядағы кейбір үрдістерге көңілі толмайтынын айтып, фильмдердің басым бөлігі көрермен үшін емес, пайда табу мақсатында түсірілетінін сынға алды, деп хабарлайды Jastar janary Bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. Актердің айтуынша, ...

Толығырақ »

Мадридте шетелдегі қазақ балаларының суреттер көрмесі өтті

«Отандастар қоры» КеАҚ Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Мадрид концерті қарсаңында өткен жанкүйерлер кеші (pre-party) аясында «Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық шығармашылық байқауының көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Jastar janary. Көрмеде шетелде, атап айтқанда Жапония, Нидерланд, БАӘ, Грузия, Катар, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстанда тұратын қазақ балаларының өз қолымен салған суреттері қойылды. Іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты. Pre-party кешіне Димаштың әлемнің ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ: 22 мыңға жуық жас маман еңбек жолын бастады

 Елімізде оқу орнын бітірген жастардың жұмысқа орналасуына оң ықпал етіп келе жатқан ең тиімді бағдарлама – Жастар практикасы. Осы бағдарламаның нәтижесінде Қазақстанда 21 981 жас маман жұмысқа орналасқан, деп хабарлады Jastar janary.      Сурет: ЖИ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін бағдарлама қатысушыларының санын 25 мың адамға жеткізу жоспарланып отыр. Жастар практикасы – оқу орнын жаңа ...

Толығырақ »

NIS ОҚУШЫЛАРЫ ДОМБЫРА ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ ЖҮЙЕ ЖАСАДЫ

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Іңкәр Шаяхмет пен Зарина Бектулла домбыра тартуды үйренуге арналған Dombra Sense инновациялық жүйесін әзірледі. Заманауи технологияларға негізделген жоба ұлттық аспапты үйренуді жаңадан бастағандарға, көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған. Dombra Sense жүйесі домбыра тартуды жеңілдететін бірнеше құрылғыдан тұрады. Жарықдиодты индикаторлар қай ішек пен пернені басу керегін көрсетсе, арнайы діріл білезігі қолдың қозғалыс ...

Толығырақ »

Астанада жаңа «TANYM ART» оқушылар сарайы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде балалардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде Астанада «TANYM ART» көпфункционалды оқушылар сарайы ашылды. Жаңа кешеннің ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Жаңа оқушылар сарайы заманауи жабдықтармен және балалардың ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН: Итті жаттықтырған алғашқы кинолог қыз

Ұлттық ұланның кинология орталығында алғаш рет кинолог қыз қызметке кірісті. Polisia.kz-тің мәліметінше, қатардағы Аружан Жүнісова ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол ведомство тарихындағы алғашқы кинолог қыз атанды. Қазір әскери қызметші жаңа мамандықты меңгеріп, орыс аңшы спаниелі тұқымына жататын қызметтік итті есірткі заттарын іздеуге үйретіп жатыр. Мектеп бітіргеннен кейін ұландық Алматы қаласындағы медициналық колледжді тәмамдап, өмірде қиын ...

Толығырақ »

«Таза Қазақстан»: 20 мыңнан астам Ұлан сарбазы тазалыққа атсалысты

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 20 мыңнан астам әскери қызметшісі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ел аумағындағы әскери бөлімдер мен оларға іргелес аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты, деп хабарлайды Jastar janary Polisia.kz cайтына сілтеп. Акция аясында ұландықтар әскери бөлімдердің аумағын және оған жақын орналасқан жасыл аймақтарды тазалап, қоқыс, құрғақ шөп пен түрлі қалдықтарды жинады. Сонымен ...

Толығырақ »

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының бес жас ғалымына Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификаттары табысталды. Солардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Есенаманова. Жас ғалым үшін бұл – ғылым жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға әрі болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды ...

Толығырақ »

ҚОС АРУДЫҢ ӘДЕМІ ӘЛЕМІ

Өмір жолын өнермен бастап, шығармашылықпен өрген жандар JASTAR JANARY-ында қонақта. Ақтөбелік егіздер Жанерке мен Назерке Қырымқұловалардың өмір жолы ізденіс пен талпынысқа толы әрі үздіксіз дамумен сабақтасып жатыр. Кезінде сахна төрінде «Қос қарлығаш» атанған қос ару бүгінде тігін өнерін кәсіпке айналдырып, өздерінің шығармашылық әлемін қалыптастырып келеді. Егіздің болмысы бөлек болғанымен, бала күннен бірге өрілген арманы мен ортақ қызығушылығы оларды өмірдің талай ...

Толығырақ »

«Қазақ аруы – 2026»: Сұлулар Қыз Жібек образында сахнаға шығады

«Қазақ аруы – 2026» байқауына дайындық басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген арулардың арасынан іріктелген ең жарқын, талантты 22 қыз 3 қараша күні Республика сарайының сахнасында өз бақтарын сынайды. «Қазақ Аруы» — бұл жай ғана сұлулық байқауы емес. Бұл — ұлттық құндылықтар мен заманауи трендтердің тоғысқан мәдени платформасы. Мұнда XXI ғасырдағы қазақ қызының: білімді, өз мәдениетіне құрметпен қарайтын және болашаққа нық қадам ...

Толығырақ »