Дастархан мәзірі
ХАЛУА
Қажетті шикізаттар: 2 стақан шемішке (немесе пісте); 1,5 стақан ұн; ½ стақан су; 70 гр. пісте майы (немесе сұйық майдың кез келген түрі)
Дайындау тәсілі: Бірінші су мен шекерді қайнатып, қою шекер су дайындап аламыз. Пістені қазанға салып, отқа қуырамыз. Енді қуырылған пістені қабығымен бірге ет тартқыштан өткіземіз. Ұнды да ыстық қазанда үнемі араластыра отырып, қоңыр түске енгенше қуырамыз. Енді ұнды ет тартқыштан өткізілген пістемен араластырып, біріккен ұнтақты қайта ет тартқыштан өткізілеміз. Енді майды араластырып, жақсылап қозғап, сосын қанттан жасалынған сиропты да араластырып, ттоңазытқышқа 1,5-2 сағатқа қойыа қоямыз.
ДОНАТТАР
Қажетті шикізаттар: 500 гр. ұн; 6 жұмыртқаның сарысы; 60 гр. сары май; 50 гр. құмшекер; 2 стақан сүт (400 мл); 2 шәй қасық тұз.
Дайындау тәсілі: Сүтті жылытып алып, шекер мен құрғақ ашытқы араластырамыз. Ыдыстың бетін қақпақпен жауып 20 минутқа жылы жерге қоямыз. Ашытқы еріген соң сүттің бетіне шығып, көбіктенуі қажет. Енді бөлек ыдыста ұн, тұз, жұмыртқаның сарысын және ерітілген сары майды араластырып, осы қоспалардың үстіне көбіктенген сүтті араластырамыз. Жұмсақ қамыр илеп, 30-40 минутқа бетін жауып қоямыз. Қамыр көтерілгеннен соң күлшелерге бөліп, 2 см. қалыңдықта жаямыз. Енді шеңбер тәрізді домалақтап кесіп, ортасын тесіп, қыздырылған майда екі жағын кезек-кезек аударып қуырамыз. Піскен донаттардың үстіне қант ұнтағын себеміз.