Астанада әлем қазақтарының басын қосқан «Отандастар» форумы өтті. Форумға шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері 40-тан астам елден келген 200-ге жуық отандасымыз қатысты.
Салтанатты жиынды Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандастарды құттықтаған тілегін жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды «Отандастар» форумының ашылуымен құттықтады.
«Бұл – халқымыз үшін айрықша мәні бар басқосу. Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Ата-бабамыз қашанда елдік мәселелерді алқалы жиында ақылдасып шешкен. Осы орайда шетелдегі қазақтармен жан-жақты байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және басқа да өзекті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылаудың маңызы зор. Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын бауырларымызды қолдауға қашанда баса мән береміз. Олардың Атажұртқа қоныс аударуына барлық жағдай жасалған. Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді. Шетелдегі қазақ кәсіпкерлері үшін «Ата жолы» картасы енгізілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылуда. Қандастармен қарым-қатынасты дамыта түсуге бағытталған осындай шаралар жалғаса береді», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға әлемнің әр түкпірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға алғыс айтып, аталған басқосуда алыстағы ағайынмен байланысты нығайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікірлер айтылатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына зор денсаулық, бақ-береке тіледі.
«Отандастар» форумының ашылу салтанатында «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы:
Форумның Бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған спорттық бағдарлама аясында қонақтарымыз ұлттық құндылықтарымызбен етене жақын танысты.
Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындарымыздан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Қонақтардың назарына қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.
Қойылым алдында сөз алған Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов:
«Кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Отандастар форумы» шетелдердегі қазақ ұйымдарының басын қосатын аса ауқымды жиын. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы осындай іргелі жобаға қолдау көрсетуді өзіне аса зор мәртебе санайды. Баршаңызға мәлім, ұлттық спорттың артында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, намысы мен рухы тұр. Ұлттық спорт қауымдастығы ата-бабадан қалған қасиетті мұраны дамытуға бар күшін салып отыр. Отаны бірдің – тілегі бір! Береке-бірлігімізбен Қазақстанның мемлекеттігін нығайта түсеміз деген сенімдемін», – деді.
Форум төрт сессия аясында өтіп, түрлі бағыт қамтылып, «Ел дамуында қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «Медиа және заманауи трендтер», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері» сияқты тақырыптарды ортаға салды.
«АҚШ-тың түрлі штатында, тіпті ең ірі Нью-Джерси, Нью-Йорк, Вирджиния, Калифорния сияқты орталықтарында қазақтар саны артып келеді. Олардың дені білім іздеп барған жастар мен Түркия, Германия сынды өзге мемлекеттерден қоныс аударған азаматтар. АҚШ-тағы қазақтар өзінің қазақ екеніне мақтанады. Себебі олар түрлі мәдени орталықта бас қосып, ұлтымыздың өнері мен салт-дәстүрін үнемі дәріптеп жүреді. Сонымен қатар көбі сол елде өте танымал компанияларда жемісті қызмет атқаруда. Бейресми ақпараттардың мәліметінше, АҚШ-та 100 мыңнан астам қазақ өмір сүріп жатыр. Олар бір-бірімен тығыз байланыста. Мұндай алқалы басқосулар өзге елдердегі қазақтардың ынтымағын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін ұлғайтары сөзсіз», – дейді форумға қатысушы спикер әлемдік Google компаниясының инженері Арай Сабыржан.
Форум аясында спорттық бағдарлама да ұйымдастырылып, қандастар ұлттық құндылықтармен етене жақын танысты. Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындардан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Қонақтардың назарына қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.
«Кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Отандастар» форумы – шетелдердегі қазақ ұйымдарының басын қосатын аса ауқымды жиын. Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы осындай іргелі жобаға қолдау көрсетуді өзіне аса зор мәртебе санайды. Баршаңызға мәлім, ұлттық спорттың артында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, намысы мен рухы тұр. Ұлттық спорт қауымдастығы ата-бабадан қалған қасиетті мұраны дамытуға бар күшін салып отыр. Отаны бірдің – тілегі бір! Береке-бірлігімізбен Қазақстанның мемлекеттігін нығайта түсеміз деген сенімдемін», – деді Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.
Сондай-ақ қауымдастық президенті қандастарды келесі жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырды.
Франциядағы Крей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген қандасымыз Иешим Саваш:
– Астана маған қатты ұнады. Зәулім ғимараттары мен ерекше мәдениетін байқадым. Заманауи қала екен. Мен Отанымның мұндай әсем болғанына қуанып тұрмын. Сыртта жүрсем де мұндағы кейбір жағдайлармен таныспын. бүгін тағы да қазақ болып туғаныма мақтанып тұрмын. Болашақта Қазақстанды зерттеп, атажұрттағы халықтың, өз қазағымның тұрмыс-тіршілігімен таныссам деймін. Мен саясат сахнасында жүрген қазақтың қызы екеніме мақтанамын. Қазақстан Үкіметі әйелдерге, жастарға көп мүмкіндік беріп жатқанын естіп-біліп отырамын. Сондықтан атажұртта мен секілді саясатқа араласып жүрген жауапкершілігі жоғары қазақ әйелдерінің көп екені көңіл қуантады, – дейді.
«Отандастар форумында» жаңа жобалардың тұсауы кесілді. Атап айтқанда, «Qazalem» порталының, Метаәлем жобасының «Отандастар» виртуалды әлемінің және «Yurt» шетелдегі отандастарға арналған қосымшасы таныстырылды.
Qazalem порталы – шетелдегі отандастарымызға сервистік қызметтер мен қызықты жобалар ұсынатын, шетелдегі қазақтарды Қазақстанмен байланысын нығайтуға арналған жоба.
Ал «ZIZ INC.» компаниясының директорлары Жүсіпбек Абылай Адайұлы және Рахымжанов Бекжан Мейржанұлы таныстырған «Метаәлем» жобасы виртуалды әлем арқылы ақпарат жеткізудің тың тәсілін ұсынатын қазақстандық өнім.
Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған «Yurt» жобасын осы мектептің 11-сынып оқушысы Елнар Салпеков таныстырып шықты. Бұл жоба арқылы отандастарымыз шетелде жүріп, бір бірімен байланысуға, бір бірімен карта арқылы табуына, елшіліктер мен консулдықтарды табуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі.