Басты бет » Тіршілік ырғағы

Тіршілік ырғағы

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: Ашықтық пен әділдік принциптерін ұстанамын

Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған Асхат Аймағамбетов Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болды. Ол өзінің Телеграм парақшасында алдағы жоспарларымен бөлісті.  Асхат Аймағамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты:  — Парламент – заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелерді ажырату маңызды. Үкіметтің бұрынғы мүшесі ретінде маған бұл мәселелер өте жақсы таныс, әрі түсінікті. Біздің негізгі жұмысымыз өзекті мәселелерді шешу ...

Толығырақ »

Мұғалімдер мен оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон ұстауға тыйым салынбақ – министрлік бұйрығы

Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz Фото: egemen.kz «Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін ...

Толығырақ »

ТОЙДА САЙҚЫМАЗАҚТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

– Той – әр ұлттың кешегісі мен бүгіні барлық болмысын, мәдениетін, өнерін көрсететін орын ғой. Бірақ бүгінгі тойларымызды көтергенде тамағыма ащы өксік тығылып, жүрегімнің түбі шаншитын күйге жеттім. «Не істеуге болады?» деп көп ойландым. Көп кісілер: «тойымызды қалай өткізсек болады?» деп хабарласып та жатады. Яғни, халыққа ескіде тойларымыз қалай өткенін айта отырып, бүгінгі мейрамханаларда өтетін тойларды қалай өткізуге болады деген ...

Толығырақ »

Түркиядан құтқарушыларымыздың алғашқы легі оралды

Газиантеп қаласында құтқару, іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы легі елге оралды.  Жерлестеріміз үйінділер астынан 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарды. Ал медициналық қызметкерлер жер сілкіністерінен зардап шеккен жүздеген адамға көмек көрсетті. Оларды Алматы әуежайынан әріптестері мен жақындары күтіп алды. Азаматтарға айрықша алғыс! Erzhan Tolek-тің Фейсбук парақшасынан

Толығырақ »

Қазақ құтқарушылары нағыз батырлар!

Түркиядағы қазақ құтқарушылары туралы бір сөз… Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау әлеуметтік желіде жазды. Фото видеодан алынды Қазақтың төтенше қызметі Газиентеп шаһарына келгенде, шеткірек бір учаскені берген. Еуропаның мен-мен деген елдерінің құтқарушыларына көбірек иек артқан ғой. Біздің жігіттер, жарайды, — дейді де, сол өздеріне берілген аумақтан әуелі 2-еу, сосын тағы 3 адамды дін аман, қирандылар арасынан суырып алады. Әлгінде ғана; ...

Толығырақ »

Ұрлыққа тосқауыл болған криминалист

2023 жылғы 5 ақпанда Зачаганск кенттік округіне қарасты бір жер үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөліктің салонынан  100 мың теңге ақша қолды болды.  Түнгі сағат үштен кете  ақшасының қолды болғаны туралы  түк білмейтін көлік иесі таңертеңгілік қызметіне шыққан сәтте көп мөлшердегі ақшасын таппай қалған. Салон ішін әрі қарап, бері қарап, өз бетімен  іздеуі нәтиже бермегесін салы суға кетіп,  «102»-ге хабарласқан. ...

Толығырақ »

8 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

2022 жылы 8 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударып, мемлекеттік қолдау шараларын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.     Коллаж: Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ» 2022 жылы «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру шеңберінде Қазақстанның еңбек тапшылығы бар өңірлерінен 7 923 адам өз еркімен қоныс аударды, оның ішінде 1 320 қандас және 6 ...

Толығырақ »

Бастапқы жарнасыз ипотека рәсімдей аласыз

ЦентрКредит бастапқы жарнасыз ипотеканы іске қосты деп хабарлады www.zhas-zhanary.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бастапқы жарнасыз ипотеканы алу үшін қосымша жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек. Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді. Сосын үйдің локациясына шектеу жоқ. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа Қазақстанның басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады. Бірақ үйдің бағасы ...

Толығырақ »

Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талап қандай?

Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талаптар: — ҚР азаматтығы; — Соңғы 10 жылда республика аумағында тұруы; — Кем дегенде 25 жаста болуы. Қандай құжаттар өткізу керек: — Өзіңіз түсетін округтік территориялық комиссияға арнайы өтініш жазу (арнайы шаблон бар); — Өмірбаяндық деректер (арнайы шаблоны бар); — Салық органынан өзіңізге және жұбайыңызға активтер мен міндеттемелер туралы декларация өткізгеніңіз туралы анықтама; — Мүшелік жарна ...

Толығырақ »

Орыс мектептерінің оқушылары енді қазақ тілінен емтихан тапсырады

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сыныптарды аяқтаған оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыруы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.             Фото: ult.kz «2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» ...

Толығырақ »