Басты бет » Көлеңке

Көлеңке

Жатақханадағы заңсыз ақша: Астанада комендант сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында университеттер біріндегі жатақхана комендантына қатысты үкім шықты. Әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Jastar janary Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап. Сурет: ЖИ Сот жатақхана коменданты бес жыл бойы ешқандай негіз болмағанына қарамастан, ЖОО басшылығының тапсырмасы екенін айтып, студенттер мен қызметкерлерден ай сайын 14 300 теңгеден жинап келгенін анықтады. Осылайша, ол ...

Толығырақ »

Ақтауға әскери қызметке келгеніне бір ай болған…

Ақтауда қаза тапқан әскери қызметші Мұхтарұлы Олжастың бала күнгі арманы — әскери қызмет атқару болатын, деп еске алады туыстары. Түркістан облысының тумасы Олжас Ресейде осы сала бойынша 8 жыл білім алып, оқуын аяқтап, елге оралған. Ақтауға келгеніне небәрі бір ай ғана болыпты. «Енді жұмыс істеймін» деп, бала күнгі арманын жүзеге асыруға асыққан жас азамат еді. Олжас 2003 жылғы 9 қаңтарда ...

Толығырақ »

Тәнге түскен таңбалар…

    Бүгінгі тақырыптың өзегі болып отырған мәселе – татуировка жайы. Қазір жастар жағы осы бір «бәлеге» үйір боп алды. Денесіне қалаған суретін салдырып, соны бір сән, мәртебе көреді. Татуировка. Бұл сөзді құлағыңыз мың есітіп, көзіңіз жүз көрген болар. Денесіне сурет салынған адамдарды бұрындары көк жәшіктің ішінен ғана көруші едік. Ал қазір батыстан келген үрдіс елімізге де енді. Көшеде татуы ...

Толығырақ »

Түнгі рейд: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

Елорданың Алматы ауданында «Zhastarmen» акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық рейдтер өтіп жатыр. Іс-шараларға аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, әкімдік өкілдері және «Астана жастары» волонтерлері қатысады, деп хабарлайды Jastar janary Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ...

Толығырақ »

Шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен 82 жастағы қария  сотталды

Фото: freepik Астанада зейнеткер 7 жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Jastar janary ult.kz порталына сілтеме жасап. Астанада 82 жастағы қария жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен. Сот қарияны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Зейнеткер ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды. ...

Толығырақ »

ПРАНК: Әжуа ма, қалжың ба? Депутат мәселе көтерді

Ойынның да, әзілдің де естісі мен есері болады. Бүгінде қалжыңға, әжуа мен алдауға құрылған пранк түрлері көбейе түскен. Міне, осы пранк қоғамды алаңдатқан мәселеге айнала бастағаны жасырын емес. Ойнаймын деп от басып жүрген жастарымыздың қатары артуда. Енді осы «пранк» мәселесі Мәжіліске де жетіп, Парламент депутатының назарына ілікті. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев қоғамда белең алып кеткен орынсыз пранк жасап, арзан әзіл, ...

Толығырақ »

Түрме, тәубе және тағдыр: Мухамадиеваның мұңы мен «мырзамақ» үміті…

Әлемжеліде қазақтарды әжуәлап, бүтін бір ұлтты келеке еткен атышулы Алика Мухамадиеваға прокурор төрт жарым жыл түрме жазасын сұрады, деп хабарлайды Jastar janary Ertenmedia сайтына сілтеме жасап. Қарағандыдағы сот процесі Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша жүріп жатыр. Айыптаушы тараптың сөзінше, Мухамадиеваның әлемжелідегі жазбасы ұлтаралық жанжал туғызып, елдегі титулды ұлттың ар-намысына тиген. Мұның бәрі сараптама ...

Толығырақ »

Прокурор Перизат Қайратты 10 жыл, анасына 8 жылға соттауды сұрады

Прокурор Мәдина Оразалина атышулы іс бойынша негізгі фигурант Перизат Қайратқа жаза мерзімін жария етті, деп жазады Jastar janary Ertenmedia порталына сілтеп. Мемлекеттік айыптаушы соттан 10 жыл сұрап отыр. Перизаттың барлық дүние-мүлкін тәркілеу, қайырымдылық қызметімен айналысуға толық тыйым салу керек дейді. Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл жаза кесуді сұрауда. Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде пир жасаған анасы мен ...

Толығырақ »

Құмаройын жастарды құрдымға тартып барады

Лудомания – құмаройынға деген тәуелділік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ойынқұмарлықты ұйымы психикалық ауытқуға душар ететін аса ауыр аурулардың қатарына енгізген. Себебі оны психикалық ауытқу дерті ретінде растаған. Ол наркомания, алкоголизм секілді аурулар қатарына жатады. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, әрбір сегізінші адам құмаройын ойнайды екен. Құмаройынның шырмауына әйелдерге қарағанда көбінесе ер адамдар мен жастар жиі ілігеді. Оның салдарынан көптеген шаңырақ шайқалып, ажырасып жатыр, ...

Толығырақ »

Сауд Арабия туының элементтері бар Қазақстан туы әлеуметтік желіде ашық сатылымда жүр

Жүздерін тұмшалап, қолдарына арабша сөздер мен қылыш бейнеленген Қазақстан туын ұстаған қыздардың суреті пайда болды. Желіде тараған бұл суреттің Атырау қаласында түсірілгені анықталды. Бұл туралы ZTB Qazaqstan арнасы жазды. Тіпті, Сауд Арабия туының элементтері бар Қазақстан туы әлеуметтік желіде ашық сатылымда жүргені белгілі болды. Мұндай тулардың белгілі маркетплейсте сатылып жатыр. Олардың бағасы шамамен 5000 теңге. Ел туындағы арабша жазу — ...

Толығырақ »