Басты бет » Біз жайлы

Біз жайлы

«Jastar janary» ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталының

Бас редакторы Венера Мұратқызымен сұхбат

%d0%b2%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b0

— Венера Мұратқызы, алдымен өзіңіздің редакцияңыз жайлы қысқаша айта кетсеңіз?

– «Жастар жанары» басылымы 2011 жылы Батыс Қазақстан облыстық ұлттық, қоғамдық-мәдени балалар мен жастар газеті ретінде ашылған еді. Мақсат – мемлекеттік жастар саясатының даму бағыттарын, жастар өмірін кеңінен насихаттау. Бұқаралық ақпарат құралы тек ақпарат таратушы ғана емес, тәрбие құралы ретінде де аса зор міндет атқарады. Сондықтан басылымда мазмұнды, тәрбиелік мәні зор мақалалар жариялау арқылы жастар мен жасөспірімдердің болашақ өмірлеріне бағыт-бағдар сілтеу, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге аз да болса үлес қосу болатын. Бірнеше жыл Батыс Қазақстан облысы жастарымен бірлесе жұмыс атқардық. Көптеген жастар жобаларына ақпараттық демеушілік көрсетіп, жастар өз шығармаларын, мақалаларын бізде жариялап тұруларына мүмкіндік бердік. Былайша айтқанда, жастармен тығыз байланыста жұмыс атқаруға күш салдық.

Енді биылғы жылдан бастап «Жастар жанары» электронды басылым ретінде жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда редакциямыз Астана қаласында.

– «Жастар жанары» газеті енді сайт түрінде де шығады екен. Қағаз газеті мен сайттың айырмашылығы неде?

– ХХІ ғасыр техниканың дамыған ғасыры дейміз. Сондықтан заманға, жаңа өзгерістерге біз де бейімделе білуіміз керек деп есептеймін. Қазір жастар интернетті көп пайдаланады. Соған орай біз де жастарға қолжетімді болу мақсатымен басылымды электронды ақпарат құралы түріне көшіру үстіндеміз. Газет-журналдардың қағаз нұсқасы да қажет, алайда оның шығыны да, тарату мәселесі де үлкен қиындық тудырады. Электронды басылым ретінде ендігі жерде бізді қалаған әрбір жас сайтымызға кіріп мақалаларымызды оқи алады, өздерінің ой-пікір, ұсыныстарын қалдыруға мүмкіндіктері бар. Бұл біздің басылым үшін жастар арасына кеңінен таралуына үлкен мүмкіндік деп білеміз.

– Электронды сайтты қашан және қалай аштыңыздар? Себепкер болған не?

– Сайттың жұмысы енді ғана толық аяқталып бітті десек болады. Бізге қолдау көрсетіп, сайтымыздың ашылуына мүмкіндік жасаған, себепкер болған – «Қазконтент» акционерлік қоғамы. «Қазконтент» еліміздегі көптеген басылымдардың электронды басылымға айналуына, сол арқылы халыққа кеңінен танылуына септігін тигізіп келеді. Сол себепті де «Қазконтент» ұжымына үлкен алғыс білдіреміз.

– Мерзімді басылымдардан алдағы уақытта қандай өзгерістерді көргіңіз келеді?

– Бұқаралық ақпарат құралдары – халықтың тілі, көзі, құлағы деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан мерзімді басылымдар халыққа тек жаңалық, ақпарат қана таратып қоймауы тиіс. Қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтере білуі керек, жалпы алғанда көпшілік тәлім алатын тәрбие құралы да бола білуі керек деп есептеймін. Қазақтың тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі тек Қазақстанда ғана дами алады. Телевизия саласы болсын, газет-журналдар, электронды басылым болсын ұлттық бағытқа баса көңіл бөлуі қажет. Еліміздің ертеңін ойласақ, ұлтымыздың келешегі жастарды тәрбиелеуге басымдық беруіміз қажет. Қазақ журналистикасында қазір тың өзгерістер көп, болашақта да жақсы дами береріне сенімдімін.

http://webpress.kz

11 комментариев

  1. WOW just what I was looking for. Came here by searching for satta king

  2. This article will assist the internet users for building up new web site or even a blog from start to end.

  3. Hey I know this is off topic but I was wondering if you knew of any widgets I could add to my blog that automatically tweet my
    newest twitter updates. I’ve been looking for a plug-in like this for quite some time and was hoping maybe you would have some experience with something like this.

    Please let me know if you run into anything. I truly
    enjoy reading your blog and I look forward to your
    new updates.

  4. This is my first time visit at here and i am really happy to read
    all at alone place.

  5. Thanks in favor of sharing such a pleasant opinion, paragraph is good,
    thats why i have read it fully

  6. Hardcore Galleries with hot Hardcore photos
    http://povpornclipsbutte.valley.hotnatalia.com/?bailey
    free classic bride porn movies porn soot in ft lauderdale free cherokee the ass porn star home made panty porn tube lesbian hot porn videos

  7. What’s up to every single one, it’s truly a nice for me to pay
    a quick visit this web site, it contains useful Information.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показан