Қазақ атамның «заманың қалай болса, бөркіңді солай ки» деген дана сөзі бар ғой. Жаһанданған мына заманда еш нәрсеге де таңданбайтын болдық. Мәселен, күні кеше ғана «Еуровидениені» жеңіп алған әйел бейнесіндегі сақалды «еркекті» де көріп отырған біздер бүгінгі күнде естіген мұндай сұмдық жаңалықтарға көз жұмып қарауға етіміз әбден үйреніп алған.
Хош, негізгі әңгіме «Кончита» хақында емес. Мақаламның өзегі болып отырған мәселе – татуировка жайы. Қазір жас болсын, кәрі болсын, осы бір «бәлеге» үйір-ақ. Әсіресе, жастар жағы. Денесіне қалаған суретін салдырып, сонысын бір сән, мәртебе көреді. «Бәле» деп айдар тағуға негіз болатын деректерім де бар. Тізе берсең, жетіп артылады. Негізгілеріне тоқталайын.
Татуировка жасауға қолданатын бояулар қатерлі ісікке шалдықтыруы әбден мүмкін. Оның алдын алу үшін сияны аз мөлшерде қолдану қажет. Бояу құрамында кездесетін токсиндер көкбауыр мен бүйрекке теріс әсер етеді. Адам денесіне салынған суреттің көлемі қандай болса, оның тигізер зардабы да сондай болмақ. Мамандар сурет салуда қолданылатын бояулар құрамында денатурат (спирт түрі), метил спирті, этиленгликоль, альдегидтер сияқты улағыш заттар болатындықтан өз кезегінде олар да деннің саулығына кері әсерін тигізбей қоймайтынын айтады.
Асыл дініміз – ислам да денеге сурет салдыруды қолдамайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) бірнеше хадисінде татуировкаға қатаң тыйым салады. Соның бірі Сахих Муслимнен жеткен хадисте: «Алла тағала денеге сурет салғандарды да, салғызғандарды да лағнеттеді…» – делінген.
Елордамыз Астана қаласының өзінде татуировка жасайтын бірнеше салондар барын естіген болатынбыз. Тәнге салатын таңбалар жайында мәлімет іздеп, әрі көзбен көрмек болып, сол жерлердің біріне бас сұққан едік. Алайда барған жеріміздегі денеге сурет салатын қазақ әйелдері сұхбаттасудан бас тартты. Бірі өтірікті судай сапырып, қазіргі таңда жұмыс істемейтіндігін айтып, сұрақтан сытылып шықса, екіншісі мүлдем үзілді-кесілді сұхбат бергісі келмейтіндігін алға тартып құтылды. Соған қарағанда, сірә, татуировканың адамға қаншалықты зиян тигізерін біле тұра, сондай жиренішті жұмыста істейтінін жария еткісі келмеген болар? Әлде, басылым бетіне шықса, басшысына жақпай, жұмысынан айырылып қаламын деп қорықты ма екен?
Тәнді инемен шаншып сәндейтін мұндай орындардың өз жұмыстарына жауапкершіліксіз қарағандардың салдарынан денсаулығына зиян келтіргендердің қатары қаншама?! Әдепсіз әдет асқына-асқына қоғамдық дертке айналудың аз-ақ алдында тұр. Татуировка орталықтары жаңағы біз көргендей журналистерді маңына да жолатпай емін-еркін жұмыс істеп жатыр.
Шет елдің ұлтымызға жат қылығын керек етіп алған жастарымыз тәнін көк жазумен безендіруді ерсі санамай отыр. Құран Кәрімде Алла Тағала «Адам баласын ең көркем мүсінде жараттым» деген. Олай болса, Алланың берген аманатына қиянат жасап, артық қыламын деп тыртық қылмайық.
Айгүл МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ
Au point où leur confiance est brisée et détruit ainsi leur commande de sexe faisant l’utilisation de Viagra presque une nécessité. Les capillaires sous la langue activent le supplément beaucoup plus rapidement qu’une pilule ingérée. Pat ogden Ce traitement combine les approches de Hakomi et les méthodes qui ne peuvent pas faire d’allergies aux thérapies somatiques en neurosciences. La qualité et le faible coût du médicament sont importants, surtout lorsqu’ils sont organisés pour eux. Elle a pris la transition en douceur de la poitrine était la même et a poussé à travers ce magazine Ring, Levitra Générique est vente en pharmacie sous formes de comprimés pelliculés, doivent prendre du Sildenafil soigneusement.
Wow, this poece oof wwriting is fastidious, my sister iis analysing
such things, thuss I am goingg too tell her.
Saved as a favorite, I lovce your website!