«Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласында жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Оқырман ұрпақ» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» қағидаты бойынша еркін форматтағы кітап клубтары ұйымдастырылып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық кездесулер мен іс-шаралар өткізілуде.
Бұл кездесулер жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға, білімге құштар әрі жасампаз ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шаралар аясында ақын-жазушылар мен әдебиеттанушылар жастармен кездесіп, жаңа кітаптар мен шығармаларды таныстырып, туындыларды талқылауда. Сонымен қатар кітап оқу клубтары аясында әбеди кештер, кітап алмасу және өзге де іс-шаралар өткізілуде.
Бүгінде жобаға 1 500-ден астам жас қатысып, кітап оқу арқылы білімдерін толықтырып, ой-өрістерін кеңейтуде.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы

