«Әділет» партиясының жастар қанаты мен «Жайдарман» қозғалысының серіктестігі аясында «Jaidarman Travel» және «Jaidarman TOP» ойындары ұйымдастырылды.
Ойындар жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, талантты командаларды қолдауға және әзіл арқылы қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеруге бағытталған.
«Jaidarman TOP» ойынына 7 команда қатысты: «Sweet», «Дежавю», «Алмалы», «Тұмар», «Проект SU», «Абырой» және «Самал 3».
Ал «Jaidarman Travel» жобасында 5 команда бақ сынады: «AnaWhite», «Джеки Шаңырақ», «Созақ-Бай», «Европолис» және «Ембі құрамасы».
Ойындарға Есен Елеукен, Айкерім Есенәлі, Азамат Атагелді, Ержан Хамитов, Мерей Ермұханов, Ерлан Айтбаев және Нұрсұлтан Құрман қазылық етті.
Айта кетейік, «Жастар Рухы» мен «Жайдарман» қозғалысының серіктестігіне биыл 12 жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ұйым еліміздің талантты жастарын бір арнаға тоғыстырып, қызықты ойындар мен есте қаларлық жобаларды жүзеге асырып келеді.
Бұл – жасампаз ұлт қалыптастыру жолында жастардың шығармашылығын қолдап, олардың әлеуетін ашуға бағытталған маңызды серіктестік.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы


