Басты бет » Жаңалықтар (страница 18)

Жаңалықтар

«Қайрат» енді Еуропа үздіктерімен матч өткізеді

«Қайрат» клубын биыл күзде және 2026 жылы қыста Еуропа клубының үздіктерімен сегіз матч күтіп тұр. Негізгі кезең бойынша жеребе 29 тамыз жұма күні тасталады. Оның қарсыластарының арасында «Пари Сен-Жермен»(Франция), Мадридтың «Реалы», «Барселона» (Испания), ағылшынның «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Арсенал» және өзге де жетекші клубтар болуы мүмкін. Чепиондар лигасының негізгі кезеңі биыл 16 қыркүйек пен 2026 жылдың 28 қаңтары аралығында өтеді. 8 ...

Толығырақ »

«Қайратқа» тарихи жеңіс сыйлаған Темірлан! (видео)

Кеше Алматыдағы Орталық стадионда жергілікті «Қайрат» УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландияның Селтигімен кездесті.  Фото: sports.kz Алғашқы матчта тең нәтиже тіркелсе, қарымта ойында тағы да тең түсті. Ал пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы 21 жастағы Темірлан Анарбеков қарсыластың 3 соққысын қайтарып, жеңісті жұлып алды. Мачт қаһарманы Темірлан Анарбеков    Футболдың ұлы сәттері тек шабуылшылардың соққан голдарымен ғана өлшенбейді. Кейде бір қақпашының ...

Толығырақ »

«Таза Қазақстан»: «Астана Арена» стадионында тазалық іс-шарасы өтті

Қазақстан футбол Премьер-лигасының 22-турынан кейін «Астана Арена» стадионында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласының №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері футбол матчы аяқталған соң, трибуналарда қалған қоқыстарды жинап, стадион аумағын тазартуға белсене атсалысты. Іс-шараға қала тұрғындарына жақсы таныс «Тазабек» атты бойшаң қуыршақ та қатысты. Ол жиналған көрермендерді тазалыққа шақырып, қоршаған ...

Толығырақ »

Вандализмге қарсы күрес: Астанада 160 құқық бұзушы жазаланған

Елордада вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға қарсы жүйелі күрес жүргізілуде. Кезекті тәртіп бұзушыларды полицейлер анықтап, жазалады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Байқоңыр ауданындағы Уәлиханов көшесінде белгісіз адамдар аялдама павильонының терезесін сындырған. Тексеру барысында күдікті анықталды, ол – 37 жастағы ер адам. Оның мас күйінде қала мүлкін әдейі бүлдіргені белгілі болды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. ...

Толығырақ »

«99% ақшалай берді»: Динара Майғазиева тойда қандай сыйлықтар берілгенін айтты

Жақында әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойы дүркіреп өткен еді. Әншінің жары Динара Майғазиева тойға кеткен шығын көлемін айтты. Майғазиева тойдың шығыны кем дегенде 60-70 миллион теңгені құрағанын жеткізді. Тойға келген қонақтардың басым бөлігі, шамамен 99 пайызы сыйлықты ақшалай тарту еткен. Оның ішінде алтын, гауһар сақина табыстағандар болды. Сәкеннің араласып жүрген жолдасы көлік мінгізді. Бірнеше жылқы ...

Толығырақ »

Қырғызстанда Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды

Бішкек қаласындағы Ош мемлекеттік университетінің базасында Еуразия ұлттық университеті филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі Бактияр Орозов, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожобеков, сондай-ақ ...

Толығырақ »

«Жастарға жұмыс»: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Астана қаласы әкімдігі және Халықты жұмыспен қамту орталығының бірлесе ұйымдастыруымен елордада жастарға арналған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 70-тен астам компания 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Шарада ұлттық және халықаралық деңгейдегі жетекші ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынады. Олардың қатарында: «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «DAR RAIL» ЖШС, «Home Credit Bank» АҚ, «IntegraConstruction ...

Толығырақ »

Жас қаламгерлер әдеби шеберлік мектебінде оқуда

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы өз жұмысын бастады. Биыл екінші рет ұйымдастырылған бұл бастама «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша іске асырылып отыр. Жобаға еліміздің әр өңірінен 20 жас қаламгер қатысып, он күн ...

Толығырақ »

Бішкекте ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, жиын қос халықтың тарихы мен мәдениетін зерттеудегі Шоқан Уәлихановтың еңбегі туралы «Чокан Валиханов: тарыхтын жарык жылдызы» атты деректі фильмінің тұсаукесерінен басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат ...

Толығырақ »

«Жастарға жұмыс» жәрмеңкелері өтуде

«АMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақтөбе қаласындағы «Мансап» орталығының филиалымен және қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шараға өндірістік және қызмет көрсету саласындағы 37 компания қатысып, жастарға 248 бос жұмыс орнын ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, елдегі нақты сұранысқа ие мамандықтарды дамытуды тапсырған ...

Толығырақ »