Басты бет » Жаңалықтар » Димаш Құдайберген Түркі елдері басшыларының алдында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Түркі елдері басшыларының алдында өнер көрсетті

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшылары қатысқан концертте өнер көрсетті, деп хабарлайды Jastar janary Ақордаға сілтеме жасап.

ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Мәдени іс-шарада «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі түркі мемлекеттерінің таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.

Концерт барысында мәртебелі меймандар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Сондай-ақ сахнаға Түркияның танымал әншісі Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген шықты.

Мәдени кеш түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы мен өнерін дәріптеуге арналды. Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары қатысқан концертте өнер көрсетті. Кеште түркі әлемінің таңдаулы музыкалық туындылары шырқалды.