Басты бет » Әдеби әлем » Жұмагүл Мұрсалова. ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ

Жұмагүл Мұрсалова. ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ

%d0%b6%d1%83%d0%bc%d0%b0

Su historial médico y su edad, es evidente que Levitra no es el único remedio para impotencia que ahora existe, las infracciones adquiridas de eyaculación provocadas por una serie de los factores. Estrés en el trabajo o simplemente enfermedades, de una sustancia medicinal llamada Sildenafil, para ver la lista completa de efectos secundarios informados con Tadalafil. Vale la pena señalar que https://farmaceutico-principal.com/ la dosis óptima de este medicamento es de 50 mg durante el día, hiperplasia prostática benigna o HPB.

Жұмагүл Мұрсалова 1990 жылы 15 маусымда Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. 2012-2015 жылдары Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарып, аудандағы түрлі мәдени шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Қазір «Алғыс-Ақтау» оқу орталығының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып қызмет етеді.

Көптеген облыстық және республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Өлеңдері облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып жүр. Т. Қожабеков атындағы ақындар мүшәйрасының 2-орын (Форт-Шевченко-2008),  «Менің туған өлкем» жас ақындар сайысында 1-орын (Орал-2009), Ы. Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр-мүшәйрасының 1-орын (Арқалық-2011), Қ. Мырзалиевтің 75 жылдығына арналған облыстық мүшәйрада 2-орын (Орал-2010), «Тартынбай сөйлер асылмын» атты М. Өтемісұлы атындағы облыстық ақындар мүшәйрасының 1-орын, «Рәміздерім – мақтанышы елімнің» атты облыстық мүшәйраның 2-орын иегері (Орал-2012). Махамбет поэзиясы бойынша Маңғыстау облыстық шығарма жазу шеберлері байқауында 2-орын иегері (Ақтау-2012). «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты М. Мақатаев атындағы республикалық ақындар мүшәйрасының облыстық кезеңінің Бас жүлде иегері (Ақтау-2013). «Жеңіс – баға жетпес ұлы сөз» атты ақындар мүшәйрасы 1-орын (Форт-Шевченко-2013), «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық жазба ақындар байқауында 2-орын (Талдықорған-2013), облыстық «Жырлаймын сені, Астана!» атты жас ақындар мүшәйрасында Бас жүлде, Маңғыстау облысының 40, Ақтау қаласының 50 жылдығы аясында өткен «Беу, менің киелім, мен сені сүйемін, Маңғыстау!» атты облыстық ақындар мүшәйрасында Бас жүлде, «Жас тұлпар – 2013» облыстық жастар премиясының «Жас дарын» номинациясы иегері (Ақтау-2013), 2016 жылдың қазан айының 14-і күні өткен Форт-Шевченко қаласының 170 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасында Бас жүлде иегері атанды (Форт-Шевченко-2016).

          

  МЕН КІММІН?

 Келбетінен көркемдігі байқалған

Жақсылармен жан семіріп жайқалғам,

Қызыл тілім күлтеленіп май тамған,

Көз көргенді жыр-десте қып қайтарған

Жұмада туған гүлмін мен.

 

Медет тілеп тек Алладан қорыққан,

Пасықтықтан жаным жүдеп торыққам,

Жолымдағы сан сынақтан жолыққан

Сағым сынбай сабақ қой деп қорытқан

Жұмада туған құлмын мен.

 

Аз ғұмырдан көп ізгілік іздеген

Жақсылықтан үмітімді үзбеп ем,

Жазда туған жаным егіз күзбенен,

Басқалардың бағына көз сүзбеген

Жұмада туған нұрмын мен.

 

Жүрегіме тәңірден құт орнаған,

Қара өлеңмен қанатымды қомдағам,

Ғазалымды, жазарымды толғаған

Шабыттанып шартарапқа жолдаған

Жұмада туған жырмын мен.

 

 

                ЖЕРҰЙЫҚ 

 

Алып-ұшып жер-ананың жүрегі,

Бөлінбеген перзентінен бір елі.

Тамылжыған табиғатқа тіл бітіп,

Шабытымның шымылдығын түреді.

 

Ой шарабы адастырып мас күйде,

Қонақ қылар өлең деген басты үйге,

Қанатымды қомдап қайта ұшам да,

Аққу-жырды қондырамын Каспийге.

 

Тауқыметтің талқысында тоқырап,

Тағдыр тілін тарих қып оқымақ.

Туған жердің қасиетін ұқтырар

Табанымның астындағы топырақ.

 

Ақиқат пен аңыз сүйеп иегін,

Маңғыстауым – талбесігім, киелім.

Өкпелемен алар болса тағдырға

Қалар болса топырағыңда сүйегім.

 

Көрген адам талай таңдай қақты-ау кеп,

Елім жайлы айтылатын мақтау көп.

Сыр ұрлаған келбетінен, көркінен

Сыбырлайды аңызақ жел Ақтау деп.

 

Шежіре оқып теңіз, тауы, тасынан,

Көмейімді кернейді әсем ғашық ән.

Шалғай шығып сапар шексем сағынып,

Мен әйтеуір Ақтауыма асығам.

 

Ғасырдан да ұзақ күнгі көнелер

Жаратқанның сыйына шын бөленер.

Жер-ананың құшағында ұйықтап,

Таңмен бірге оянады төбелер.

 

Атырапқа алып шығар қақпа нық,

Бұл мекенге кие қонған, бақ дарып.

Адамдары тұрады ылғи алдымен

Адалдығын, аңғалдығын ақтарып.

 

Қара жерден қара алтынды бұрғылап,

Қасиеті қазынамен құндырақ.

Көк теңізді иемденіп жатса да,

Бұл мекеннің көп бөлігі құм бірақ.

 

Кербез далам керіледі кермиық,

Айран болып отырады ел ұйып.

Иісі аңқыған адыраспан, жусанның

Бұл Маңғыстау – жанға жайлы жерұйық.

 

Шын сезімге қажеті жоқ дәлелдің,

Шарлап қайтем шартарапты бәлен күн.

Шөлді, шерлі, шежірелі осы жер

Ең бірінші кереметі әлемнің.

 

ҒАШЫҚ БОЛЫП ҚАЛМАҢДАРШЫ

 Өзгелердің жанын ұғып білем деп

Кейде өзім ұмытушы ем күлкіні,

Араласып, құраласып жүрем де,

Мен бәріне ұнап қалам бір күні.

 

Жылы сөздер жүрегіме бекіген,

Жаным менің – жанға жайлы жыр-кілем.

Жыр арнайды, қиялдайды шетінен,

Бұл ақындар мені ұнатып жүр, білем.

 

Үміт деген алдарқату көңілді,

Жүрек, әттең, көнбес бірақ үгітке.

Дос боп қана өткізейік өмірді,

Тиесілімін бір Адайлық жігітке.

 

Тағдырыңда мен бе жалғыз бас тұлға,

Үміт үзіп менен алыс кет, мейлі.

Теңіз бар дейд Нарын құмның астында,

Бірақ менің Каспийіме жетпейді.

 

Білмеймін нақ жақсылық па, шынымен,

Ерініңде Нарын құмның шөлі бар.

Құлақ түріп жүрегімнің үніне,

Мықты болсаң, сол Адайдан бөліп ал!

 

Бір бақытқа жетуге шын қақым бар,

Көп іздеген серігіме жетіп ем.

Дос боп жүріп аңдаусызда, ақындар,

Ғашық болып қалмаңдаршы, өтінем!

 

Шешім тапқан өмірімде сұрақ кем,

Көп жүрекке жыр-жалауды тігіппін.

Арманы боп көп ақынның,

Бірақ мен …

жары болам бір теңізші жігіттің!

 

        АСТАНА МЕН АРУ ҚЫЗ

Жанымнан менің жасанды сыр ұғам деме,

Есігін ашқам өмірдің жыр-іңгәменен.

Арманым асқақ өзіңнің бәйтерегіңдей,

Астана, саған келмегем бұрыннан неге?!

 

Армандарымның ақ таңын атыратындай,

Тұнық сезімім толқын боп сапыратындай,

Қазақ елінің көгінде қалықтайық деп

Самұрық құс та өзіне шақыратындай.

 

Шабытпен қанат қағатын биік әр әнім,

Тәкаппар қыздың осындай күйі, қарағым.

Ертерек тұрып, есінен адасқан жандай

Еркелеп мен де Есілге жиі барамын.

 

Найзағайдың да қарамай сан сатырына,

Куәсі қылды ғажайып қанша сырына.

Кезігетіндей ханзада арманымдағы

Ханшайым болып енемін Хан шатырына.

 

Бейтаныс қала, баурадың алдымнан шыға,

Сезімім тұнық сен деген таң куә, сұра!

Ғашық көзімен қарайтын әр көшелеріңе,

Ақын қызыңды ұнатып қалдың-ау, сірә.

 

Сенбеймін осы болжамға жорамалдағы,

Жанымды менің жауратпас орамал-бағың.

Шарқ ұрып талай шарықтап шабыт-қанатпен

Астана, саған бір күні оралам тағы.

      

         ОРАЛҒА  ОРАЛҒАНДА

 Аймалап аяз, ақ қары қол алғанменен,

Қынжыла қоймас қыстағы боранға денем.

Себебі мұнда жүрегі жылы жандар бар,

Жылыту үшін жанымды Оралға келем.

 

Беталысыңды бағамдап байыпта деген

Жанашырлардың дос қамын айып па жеген?

Жақсылықты аңсап, бітпейтін күйбең тірліктен

Арылу үшін асығып Жайыққа келем.

 

Ұры уақытқа өмірім тоналмау үшін

Жақтыра қоймас көңілім көре алмау ісін.

Ой менен сезім жетелеп жетемін тағы

Оралым менің, кеткем жоқ оралмау үшін.

 

Ақ арманымды алдамас досым етем де,

Жайық бойына сый қылып тосын жетем бе?!

Жол түсіп жатса, жиірек келгім келеді,

Сендер барсыңдар, себебі осы мекенде.

 

     ӨЗІМ ҒАНА ҚОЖАМЫН

Дархандық бар: дала, теңіз, қырқы, шың,

Асаулық бар: аңызақ жел, бұрқасын,

Тәңір бізге тәбәрік қып бұл жерді,

Басы артық қып жаратпаған бір тасын.

 

Бұл жер үшін бабам қалай қамданса,

Арқалады елдің жүгін нар қанша,

Кіндік қаны тамған жерді осынау

Қорғап өлген қасық қаны қалғанша.

 

Мал деп, құн деп, жесір үшін дауласқан,

Жерұйығын жанға бермей жауласқан,

Басқаға емес, бабам мұнда алаңдап,

Абай болған аманатқа әу бастан.

 

Шежіре оқып тоз-тоз болған тастан да,

Ата қаны, анадан көл жас тамды, ә?!

Жылтырағы татымады жаһанның

Туған жердің топырағын басқанға.

 

Жыл, ай тұрмақ, аялдамай аз апта,

Сұқтанбасын жат біздегі ғажапқа,

Иісі қазақ тек иелік етсін деп

Мырза Құдай еншілеген қазаққа.

 

Бұқшаңдамай, көкке мойын созамын,

Әуелейді атырапқа өз әнім,

Байлық бердім, айлық бердім басқаға,

Бірақ жерге өзім ғана қожамын.

 

                     ӨМІР ДЕГЕН …

 Өмір деген – торға қамар алмағайып түлкі-мұң,

Өмір әсте тамшы жас пен алмасуы күлкінің.

 

Өмір деген – күн мен түннің тағатсыз бір тартысы,

Сыналады, шыңдалады бұл тартыста бар кісі.

 

Өмір деген – орға жығар өтіріктің ордасы,

Шындық шырақ жақпағасын болар тіпті сор басым.

 

Өмір деген – ақ-қараны ажыратар шын сынақ,

Әр қадамнан есеп алар жеке-дара құн сұрап.

 

Өмір деген – шолтаң етер қысқа сабы қамшының,

Өмір деген – шөліңді еш қандырмайтын бал-шырын.

 

Өмір деген – бармақ тістер өкініштер аралы,

Адалдықтың алынбайды ешқашан да қамалы.

 

Қу құлқынның құрсауымен апармайтын ажалға ой,

Өмір деген – дүние үшін дүрлігетін базар ғой.

 

Өмір деген – шұғыла мен тас түнектің күресі,

Өмір деген өткінші деп өз халіңше сүресің.

 

Өмір өзі осылай ақылын айтып тұрады,

Өмір деген – біздердей ақымақтардың тұрағы.

 

АЯНЫШТЫ

Тәубесі жоқ тобыр көп топырлаған,

Көңіл көзін надан көп соқырлаған,

Осындайлар үстемдік құрған шақта

Өлеңімді аяймын оқылмаған.

 

Болмасаң да ұйқымды аз ұрлаған,

Сен-ақ жетпей тұрасың қазір маған.

Қаһарман боп тек қана өзің жүрер

Жырларымды аяймын жазылмаған.

 

Саған ғана көңілім ауады деп

Көздеріңді қайтейін сауалы көп,

Сағынатын, сүйетін, сүйсінетін

Сезімімді аяймын жауабы жоқ.

 

Дей алмассың үніңді менсіз өктем

Өзіңменен жаныңды тең күзеткем.

Тілегіміз үндесіп үйлескенмен

Өмірімді аяймын сенсіз өткен.

 

Өтірікпен өтірік алдасам да,

Жақсылықпен жең ұшын жалғасам да,

Шырматылған ойлардың шатпағына

Жүрегімді аяймын анда-санда.

 

Көрінсе де күдікке үнемі тоқ,

Көңіл, шіркін, үмітпен күледі көп.

Осыларды сезінер жүрегім бар,

Адамдарды аяймын жүрегі жоқ.

*****

Бар ойымыз баққа ұмтылған дана, дүр,

Ал жүрекпен жыр гүлі боп жайқалдық,

Өлең оқып берейінші жаңа бір,

Еш жаңалық жоқ қой менде айтарлық.

 

Аласарып кеткен кезде адамдық

Асқақтайды жалған күлкі, маскалар.

Арманымды алдамшы үміт алаң ғып,

Жаным енді жан біткеннен жасқанар.

 

Асық әркез бір-ақ тұтам өтірік

Жүрегімді жаралауға құмартып.

Өсек теріп отрғанша көпіріп,

Өлең жазып отырғаным мың артық.

 

Ар, ибамен қатайғасын қанатым

Адалдықтың асқарынан жай табам,

Уақыт болса биігімде қалатын

Бақыт маған қол созады қайтадан.

 

Жаббар ием, жақсылар һәм жақындар

Көтереді көкке талай төбемді.

Күні бойы күйбеңдеген ақындар

Түні бойы әлдилейді өлеңді.

 

           ЖАНДАУЫС

Жүректерге жырменен тасып дәрі,

Жылы сөз ғой көңілдің қасық балы,

Бір ғажайып ғайыптан енетіндей

Аңсары ауып көктемге асық бәрі.

 

Сабырының сыңайын сақшы бағар,

Байыптының басына бақсұранар,

Өкпе менен өсекті ертіп алып,

Көктем жақтан күтеміз жақсы хабар.

 

Кісілігі көрінбес көпке ендік те,

Өтірікке, үйірміз өктемдікке.

Көңілді әбден кең жайлау қылмай тұрып,

Үлгермейді үйретіп көктем түкке.

 

Жұғым болмай құр пейіл аш қарынға,

Тоқтарының боқ қарын бастарында,

Ақ жол тілеп іргемді алыстатсам,

Қаралауға жақын көп қас қағымда.

 

Тәтті сөзі тұратын тіл ұшында

Ұқсамайды ешкімнің түрі сұмға.

Шындық іздеп шырылдап сәби-сезім

Тұншығады жүректің бұрышында.

 

Өтірікке өткінші өліп-талған

Көңілді де бәленбай бөліпті арман,

Еттері әбден үйреніп міз бақпайтын

Беттерінің пердесін көріп қалғам.

 

Қынжылмадым қалтамда тиын қалмай,

Жоқтықта да өзіндік сыйым бардай,

Қандай ғажап іңкәрлік ізгілікке,

Мейірімге мұқтаждық қиын қандай?!

 

ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ

 Аяулы арманына асықтырған

Қай ару қадірлейтін қашыпты ұлдан,

Адамның бәрін бірдей жақсы көрдім,

Сен ғана жүрегіне ғашық қылған.

 

Алдырдым ақылға бой, сезімге бой,

Жүректің жарқылы да көзіңде ғой,

Мен сені көп ішінен көп іздедім,

Себебі ойлы жанар өзіңде ғой.

 

Мен жоқта қызық болмай кең қала шын,

Іздейді жаның ылғи ем-дауасын.

Жігіт көп гүл ұсынған құшақ-құшақ,

Сезімі бас идірген сен ғанасың.

 

Еріксіз елжірейді ет-жүрегім,

Сондықтан сүйкімді боп кетті реңім.

Асырдың елден бұрын мәртебемді,

Еркелеу көп қыздардың тек бірі едім.

 

Алаңдап аласұрған маған бола,

Бойыңнан бар асылды табам дара,

Осынау «өзіншелеу» болмысыммен

Ұнайды еркелеген саған ғана.

 

Таппайтын тал бойымнан тобықтай мін

Өзіңдей енді ешкімге жолықпаймын.

Жыр, шабыт, қуаныш, мұң өз алдына,

Сыйлауға жүрегімді қорықпаймын.

 

ЖАНАР МЕН ЖҮРЕК ЖАЙЫ ОСЫ

Басқан қадам құтты боп басы лайым,

Ізгіліктің ізіне бас ұрайын.

Жылы жүрек жолшыбай жолығысса,

Жанарымның тұрады жасы дайын.

 

Жанарға жас, жоқтықпен уыс толса,

Жан сарайын ашпайды туыс та онша,

Сезім толы жүректер жылағанда,

Кердеңдейді кеуделер қуыс болса.

 

Жанына ылғи жат жанның жара салып,

Жүзіне оның қиналмай қараса анық,

Жатбауыр боп, жүректер тасқа айналып,

Адам аты кетпей ме аласарып?!

 

Өрекпімей өтірік өбісімен,

Сөз одан да сәйкессе дөп ісімен.

Ойнақыған көздерді айналшықтап,

Ойлы жанар іздеймін көп ішінен.

 

Қоймаған соң алдымен арды биік,

Жасанғанын қайтейін барды киіп,

Ақ сезімді аспанға көтерем деп

Аңдаусызда ауызым қалды күйіп.

 

Қателік пен кешірім өмірге өлшем,

Адал құстар ұшса екен көгімде өңшең.

Сатқындықтың алдында сыр ақтарып,

Жылап та алдым көл-көсір көңіл көрсем.

 

        ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ

Адалдығың – алынбас ақ бөрігің,

Ар мен иба – айнымас бақ-көрігім.

Жүрегіме сыйғызам бар адамды,

Бірақ өзің иесі қақ төрінің.

 

Жүрек төрін сыйлауға жарамасаң,

Ат тонымды алыстан ала қашам.

Қазір маған бірдеңе жетпейтіндей

Суретіңе күн сайын қарамасам.

 

Ақ сезімге құшағым толы ақ гүлмін,

Ұйқымды да өзіңе тонаттырдым.

Ойда-жоқта оянған сезім үшін

Жүрегіме құдайы қонақ қылдым.

 

Келмесе де шындықты баяндағым:

Жанарымның алдына аялдадың.

Сыр, сезімді бүккенмен, жасырғанмен,

Ақиқаты – Аллаға аян, жаным.

 

Кернесе де қорқыныш көкірегің,

Өшірмеші үміттің отын, ерім.

Қонақ деген келген соң кетем дейді,

Қона салшы, кетпеші, өтінемін.

*****

Үзбесін енді тамшы жанарым,

Жанымда біраз қалшы, қарағым,

Елеңдетпесін елдің өсегі,

Жаладан өзім аршып аламын.

 

Жүрмесе жиі хабарымды алып,

Жалғыздан-жалғыз қаламын налып,

Көңілге кірбің көлеңкелетіп,

Отырғам соның қабағын бағып.

 

Сабырлы адамның сыңайы мықты,

Десек те бәсін кім айырыпты,

Өтірік күлуді үйреніп алдым

Көргім кеп жүріп шынайылықты.

 

Сенім-досымнан жырақтағалы

Санамда сансыз сұрақ бар әлі,

Жалпақ әлемнен мейірім күтіп,

Сезімім сөзсіз жылап қалады.

 

Аппақ пейілге шартарап тұнса,

Жүректен жылы қан тарап тұрса,

Жамандық мәңгі жоғалар еді

Адалдық сәнді салтанат құрса.

 

Толса да қанша жан сарай мұңға

Патша көңілді хан санаймын ба?!

Тасадан қанша тас атылғанмен,

Ізгілік іздеп шаршамаймын да.

 

Пікір жазу