Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 28)

Архив блога

Бейбіт күннің батырлары – түпқарағандық полицей ұшақ апатқа ұшырағанда алғашқылардың бірі болып жәрдем берген

«Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен» азаматтар аз емес. Осындай шақта дәрігерлер, төтенше жағдай мамандары, полиция қызметкерлері алдыңғы шепте жүрері сөзсіз», – деп жазады otpannews.kz. Күні кеше Ақтау маңындағы ауылға құлаған ұшақтың жағдайы, ондағы жолаушылардың үзілген өмірі, аман қалғандардың өмірге қайта келгендей қуанышты сәті — әлем жұртының аузында. Ұшақ апаты кезінде оқиға орнына тиісті қызметкерлердің жетуін күтіп, қол қусырып ...

Толығырақ »

Астана Жаңа жылды қалай қарсы алады?

31 желтоқсан күні түстен кейін Астананың сегіз орнында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында, Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағында, Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Сарыарқа ауданының «Көктал» саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді. Сарайшық ауданында Промышленный тұрғын ...

Толығырақ »

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЕЛДОС СМЕТОВ ОРАЛҒА БАРДЫ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездесті. Кездесу барысында Олимпиада чемпионы өңірдегі спорт саласындағы жетістіктермен таныс болды. Облыс әкімі өз кезегінде Елдос Сметовке сәттілік тіледі. «Олимпиада ойындарында өзіңе барша қазақ елі жанкүйер болды. Әсіресе, жастарымыздың үлгі тұтар спортшысына айналдың. Әрдайым сәттілік серік болсын!» – деп атап өтті Нариман Төреғалиев. Сондай-ақ Елдос Сметов Батыс Қазақстан облысындағы отбасы ...

Толығырақ »

Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды

Алматыда Аяз Атаның ұлттық стильде безендірілген мерекелік киіз үйлері пайда болды. Олар қаланың үш көрнекті жерінде: Астана және Абай атындағы алаңдарда және Арбатта орнатылған. Аяз Ата қонақтарды қарсы алатын киіз үйлердің есігі келушілер үшін күн сайын сағат 15:00-ден 21:00-ге дейін ашық болады. Қала тұрғындары мен қонақтары 31 желтоқсанға дейін жаңа жылдың басты кейіпкерімен суретке түсіп, қуаныш пен ғажайыптар атмосферасына ене ...

Толығырақ »

Жас ғалымдар пәтерлі болды

Биыл еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан талай талапты буынды ұясынан ұшырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толды. Осы мерейтой қарсаңында университеттің бес жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді. Фото: ortcom.kz ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.  Жаңа пәтердің иесі атанған жас ...

Толығырақ »

Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды

Оқу-ағарту министрлігі қысқы демалысты ұйымдастыру үшін өңірлерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберді. Бұл ұсыныстар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды, деп хабарлады Jastar janary. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе, мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді. ❗️ Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшелерде, сырғанақтарда, ...

Толығырақ »

Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде ерлік көрсеткен азаматтар марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталғандар арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ...

Толығырақ »

Бүгін Мемлекет басшысы балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды заңға қол қойды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Jastar janary. Сурет: интернеттен алынды Енді не өзгереді? 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары лицензия алуға міндетті болады. Бұл шара мектепке ...

Толығырақ »

100-ден астам бала Президент шыршасына қатысты

Елордада ҚР Президентінің атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты Республикалық Жаңа жылдық шырша өтті. Бұл мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 100-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды Jastar janary. Шараға қатысушылардың арасында 10 жастағы Әли Кудияров та бар. Ол — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Күлкөл ауылының Қ.Хадесов атындағы орта мектептің оқушысы. Бұл ...

Толығырақ »

ҰШАҚТАҒЫ 15 ЖОЛАУШЫНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР

Бұл азаматтар ұшақтың құлдилап құлағанын видеоға түсіріп, артынша көмекке ұмтылған екен. «Электроторап» компаниясының қызметкерлері үш минутта оқиға орнына жетіп, аман қалған жолаушыларға көмек көрсеткен. Орындыққа қысылып қалғандарды шығарып, шошып қалғандарының таңдайын көтеріпті. Құтқарушылар мен полиция жеткенше 15 жолаушыны сыртқа алып шығыпты. Жарайсыңдар жігіттер!  Диас Нұрақын

Толығырақ »