Басты бет » Жастар үні » NU түлегі Стэнфордтың PhD бағдарламасына түсті

NU түлегі Стэнфордтың PhD бағдарламасына түсті

Nazarbayev University мен Йель университетінің түлегі Әсел Ибадулла әлемнің үздік университеттерінің бірі Стэнфордта докторантураға түсті, деп жазады Jastar janary.

 

Фотоколлаж: Jastar janary

Әсел NU-да биология ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал Йельдегі магистр дәрежесі кезінде ол Йель медицина мектебіндегі ERIC (Зерттеу және инновациялар орталығында) зерттеуші-интерн және SalivaDirect (COVID-19 ауруын ерте анықтау және диагностикалау орталығы) қызметкері болып жұмыс істеді.

Әсел медицина саласындағы оқуын және ғылыми тәжірибесін жалғастырып, докторантураға толық грантқа қабылданды. «Менің негізгі мақсатым – Қазақстанға жұқпалы емес аурулар мен психикалық бұзылуларға қарсы тиімді шаралар мен алдын алу шараларын қалыптастыруға көмектесу. Сондықтан студенттік жылдарыңызды талпынуға, өзіңізді тану мен тұлға болып өсуіне арнаңыз», — деп түйіндейді Әсел Ибадулла.