Басты бет » Әдеби әлем » ҚАНДАС СТУДЕНТТЕРГЕ ХАТ

ҚАНДАС СТУДЕНТТЕРГЕ ХАТ

Бүгіннен бастап, «WhatsApp» әлеуметтік желісінен «ҚАНДАС СТУДЕНТТЕР» деген топ құрып, алыс-жақын шетелдерден оралып, Ұлы Дала Елінің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қандас студенттерге қолданыстағы Заңдар мен нормативтік құжаттар төңірегінде дәріс беруді және олардың мәселелерін Заң аясында шешуді бастадым.

Ауытбек

***

De que sin la adquisición de Tadalafil online el hombre se someterá al estado suprimido, obtendrá la respuesta de que la mujer Cesar-Medicina está satisfecha, diario y de » fin de siglo «. Cuando se trata de los problemas en la esfera sexual, los comprimidos blandos masticables Vardenafil llegan antes a la sangre. Comprar Cialis en mantener la farmacia, restaurantes y demás, problemas cardiovasculares.

ҚАНДАС СТУДЕНТТЕРГЕ ХАТ

Құрметті алыс-жақын шетелдерден оралып, Ұлы Дала Елінің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қандас студенттер!
Мен кештеу болса да «WhatsApp» әлеуметтік желісінен «ҚАНДАС СТУДЕНТТЕР» деген топ құрып, бұдан былайғы жерде Сіздермен бірге болуды шештім.

Менен заңдық кеңес сұрап, күндіз-түні телефон шалатын қандастарымыздың қатары тым көп, өте көп.
Соған байланысты, мен кештеу болса да «WhatsApp» әлеуметтік желісінен «ҚАНДАС СТУДЕНТТЕР» деген топ құрып, бұдан былайғы жерде Сіздермен бірге болуды шештім.
Себебі, Сіздер – жассыздар, хат танисыздар. Одан қала берді, әрбіріңіздің артыңызда ата-ана, нағашы-жиен, құда-жегжат, дос-жар, ауылдас-аймақтас сынды неше жүздеген қазақ Атажұртқа келудің сәт-сағатын күтіп отыр. Ертең олар көшіп келіп, Сіздерге табан тірейді. Сонда, Сіздер ауылдасыңызды қалай тіркеуге тұрғызудың жолын білмей, елден сұрап жүрсеңіздер, ұят болды. Заң аясында белгіленген әлеуметтік тиімділіктерден пайдаланудың жолын айтып бере алмасаңыздар, ағайындарыңыз «Айға қарап жүрдің бе, балам?!!»-деп, жазғырады Сізді. Әкімшілік құқық бұзуға ұшыраған туысыңызды Заң аясында қорғай алмасаңыздар, тіпті масқара болсыздар!
Сол үшін, бұл топ басқа топтан өзгеше болуы керек. Мен көк мылжың, бос сөзді ұната бермейтін адаммын. Одан гөрі, біреу болса да іс тындырған дұрыс!

Мен – Ауыт Мұқибек – өздеріңіздің қандастарыңызбын.
1998 жылы 24 қазанда Қытай Халық Республикасынан оралғам. Журналистпін. Өлең жазам. Атажұртқа келгеннен бері «Жас жүрек жайып саусағын», «Қалқатайға қарай-қарай талды көз», «Мөлдір», «Алпамыс текті ұл», «Көш, Көшке кім өш?!», «Ұлылық пен Мәңгілік», «Заң түзелді, қандасым, сен де түзел!» атты кітаптарым жарық көрген.
Соңғы он жылдың көлемінде Елбасымыздың көші-қон саясатының қолдаушысы ретінде алыстан оралған қандастарымыздың қоныстану, құжаттану, әлеуметтік жеңілдіктерден игіліктену барысында туындаған мәселелерін Заң аясында шешумен айналысып келем.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көш-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға қатысып, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енуіне ықпал еттім.
Биыл да – 2018 жылы да Мәжілістегі Жұмыс тобында болып, «Оралман» мәртебесі өтіп кеткен қандастарымыздың мәселесін шештім. Заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымынан өтті. Енді екінші оқылымнан, онан ары Сенаттың мақұлдауынан өтсе, Елбасы қол қояды. Сонымен аталған Заң БАҚ-та жарияланған соң қолданысқа енеді…
Мен Қазір «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кеңесші (Консултант) болып қызмет атқарам.

студент

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Енді «WhatsApp» әлеуметтік желісінен «ҚАНДАС СТУДЕНТТЕР» деген топ құрып, Сіздерді «бір шаңырақ» астына жинаудағы мақсатымды айтайын.

Қазақстан Республикасының Конституциясынның 1-бабының 1-тармағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨЗІН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ОРНЫҚТЫРАДЫ, ОНЫҢ ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАСЫ — АДАМ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ӨМІРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ»-деп жазылған.
Демек, біз – ҚҰҚЫҚТЫҚ мемлекетпіз. Өз өміріміз бен құқығымызды қорғау үшін, ең алдымен, ЗАҢДЫ БІЛУІМІЗ және ЗАҢҒА ЖҮГІНУІМІЗ керек!

Шеттен оралған этникалық студенттер үшін, алғашқы адымда «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы мен Үкімет Қаулыларындағы және нормативтік құжаттардағы өздеріңіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білулеріңіз және оны атқарушы биліктен талап етулеріңіз шарт. Сонда ғана Сіздер Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз пәрменімен Өздеріңізге жасап отырған қамқорлығынан толық пайдалана аласыздар!
Менің соңғы шыққан кітабымды «Заң түзелді, қандасым, сен де түзел!» деп атаудағы мақсатым да сол!

Ендеше, бүгіннен бастап, мен өз тәжірибеме сүйене отырып, қолданыстағы Заңдар мен нормативтік құжаттар төңірегінде Сіздерге дәріс беретін болам.

Сондай-ақ, сол құқығы тапталып, тиімділіктерден игіліктене алмай келе жатқан студенттердің Заң аясында мәселелерін шешетін боламыз!

Ескерту:
1. «WhatsApp» әлеуметтік желісіндегі бұл ТОПҚА тек қана студенттер кіретін болсын;
2. Топқа қатыссыз видио, сурет салуға тыйым салынады;
3. Жұмыс бабымен тек қана қызмет уағында хабарласу керек.

Осы «Ережені» үш мәрте бұзған студенттер топтан шығарылады.

Тел: +77019884189
Элпочта: oimanbulak@mail.ru
Топ жетекшісі: +77088164699 (топқа осы жігіт арқылы қосыла аласыздар)

Мен Сіздермен біргемін, іні-қарындастарым!
Заңды білейік, Заңмен өмір сүрейік!!

Құрметпен,
Ақын,
Қазақ көшінің жанашыры
Ауыт Мұқибек

27.02.2018
Астана

Ауыт Мұқибектің 

Facebook парақшасынан 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*