Басты бет » Жаңалықтар » Бард ақын Табылды Досымовтың әскерде жазған өлеңі табылды

Бард ақын Табылды Досымовтың әскерде жазған өлеңі табылды

Қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың бұрын жарияланбаған өлеңі табылды.
«Курстасым Әбубәкір Смаиловтың жеке архивінен алынды» деп жазды тележурналист, продюсер Серік Абас-шах Фейсбук арнасында.

Шекарадағы күз…

Жапырақтар, желге ұшқан жапырақтар,
Сағынышты солдаттың хатын ап бар.
Мәрт табиғат білдіріп күз келгенін,
Жер бетіне жіберіп жатыр ақпар.
Саулайды жапырақтар…
Жасыл бақты жайқалған даладағы,
Сұрсыз әлем келеді тонағалы.
Күздің қоңыр белгісін шекарадан,
Өткізбеуге солдаттың жоқ амалы.
Толғатады дүние, толғатады
Мұңға толы неліктен солдат әні?
Табиғаттың киіп ап сұр шинелін,
Бір қоңыр күз келеді жерге тағы…
Табылды Досымов
ГДР. 1985 жыл