Басты бет » Жаңалықтар » Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Қайратпен» ойнау үшін Алматыға келеді

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Қайратпен» ойнау үшін Алматыға келеді

Фото: ФК Қайрат

Фото: ФК Қайрат

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі басты қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Jastar janary порталы Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

28 тамыз күні Монакода Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Алматылықтар үшін топтағы ең мықты қарсылас – мадридтік «Реал» болды. Енді көп ұзамай Алматыға әлемнің ең атақты клубтарының бірі келеді«Сливочные» Алматыға қонаққа келмек.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» төмендегі клубтармен ойнайды:

«Реал Мадрид» – Алматыда
«Интер» – Миланда
«Арсенал» – Лондонда
«Брюгге» – Алматыда
«Спортинг» – Лиссабонда
«Олимпиакос» – Алматыда
«Пафос» – Алматыда
«Копенгаген» – Копенгагенде

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді. Ойын күнтізбесі 30 тамызға дейін белгілі болады.