Қазақтың ұлттық киімін киіп, темір бақанға асыла қазақша би билеген қыздың қылығы елді ашуландырды.
Қоғам қайраткері, тарихшы-этнолог Тұрар Сәттарқызы бұл туралы: «Әр нәрсенің өз орны бар. Түнгі клубта жалаңаш қыздар стриптиз билеуге арналған бақанға ұлттық киіммен билеу -ұлттық құндылықты қорлау», – деп әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Ал белгілі журналист Аслан Қаженов: «Мынау не масқара?! Кеше тілімізді қорлағаны аздай, енді арымызды аяққа таптап жатыр. Негізі осылар әдейі істейді-ау. Дәл осы темірге оратылып билеуді бізде ресми спорт ретінде тіркеп қойған. Стриптиз деп айтсаң сотқа сүйрелейді. Бірақ, жеме-жемге келгенде білгендерін істеп, ұлттық құндылықтарымызды мазақ қылып жатыр. Мына жағдайға бей-жай қарауға болмайды. Видео авторларын тауып, заң бойынша тиісті жазаларын беру қажет…», – деп пікір білдірді.