Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary.
«Той-тойға ұласа берсін. Жанар әпкеміз айтып жатыр ғой Айжұлдыздың да үлкен тойыңда бас қосу бұйырсын деп. Ол кезде біз Нұржан Төлендиев ұлың үйлендіріп жатыр еді алдын ала шақырып қойған еді Шымкентке. Одан кейін біздің де үйде тойдың ауылы алыс емес сияқты, Алла қаласа. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Біз Динара екеуміз білмейміз, бірақ жұрттар бізден «келіндеріңіз құтты болсын» деп сүйінші сұрап жүр. Алла қаласа сол тойда бас қосуды нәсіп етсін. Осындай той баршаңызға жұғысты болсын. Алла жар болсын», – деп айтты Сәкен Майғазиев.