Басты бет » Жаңалықтар » Қазақы нақыштағы италиялық бренд – «Киіз үй» коллекциясы

Қазақы нақыштағы италиялық бренд – «Киіз үй» коллекциясы

Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің креативті индустрия өкілдерімен таныстырып келеді. Бұл жолғы әңгіме дизайнер Виталий Ланг туралы болмақ.  Ол 30 жыл бұрын ол Қазақстаннан Еуропаға қоныс аударған. Алдымен логистика саласында еңбек етіп, кейіннен өзін fashion-индустрияда тапқан. Қазір «Киіз үй» коллекциясы Миланда тігіле бастады.

Ол Өзбекстанның тумасы Гузаль Норматовамен бірге италиялық премиум санаттағы ерлер киім брендын ашты. Жақында серіктестер «Киіз үй» атты ерлерге арналған топтаманы ұсынды. Бұл – қазақтың ұлттық нақыштарымен безендірілген классикалық киімдер желісі.

«Мен Қазақстанның тұмса табиғатынан шабыттанып, сол түстерді қолдандым. Осы арқылы Еуропаға өз отаным туралы айтқым келді. Коллекцияның бір бөлігін Қазақстанда өндіру ойымда болған, бірақ әзірге лайықты өндірушілерді таба алмадым», – деді Виталий Ланг.

«Әр жіптің өз мағынасы бар». Бұл – бренд ұрандарының бірі. Негізгі идея – киім арқылы Қазақстанмен эмоциялық байланыс орнату. Сондықтан да жарнамалық бейнеролик еліміздің ең көрікті жерлерінде түсірілген. Осылайша авторлар туған жердің табиғатынан шабыт алған.

Жаңа топтамада ұлттық нақыштағы ерекше кестелер мен бұғы мүйізінен жасалған түймелерді байқауға болады. Дизайнерлерді Еуропамен қатар Қазақстан нарығы да қызықтырады. Сонымен қатар, алдағы уақытта әйелдерге арналған коллекция да шығып қалуы мүмкін.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: бейнежазбадан алынды