Басты бет » Жаңалықтар » Президент қазақ боксшыларын жарқын жеңістерімен құттықтады

Президент қазақ боксшыларын жарқын жеңістерімен құттықтады

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады. 

– Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!

Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

t.me/aqorda_resmi