Бұл — өз пәтерінің кілтін армандап жүрген жастар үшін керемет мүмкіндік.
Негізгі шарттар:
* несие сомасы — 20 млн теңгеге дейін.
* пайыздық мөлшерлеме — 5%
* бастапқы жарна — 10%
* бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алуға болады.
Қатысу шарттары:
* жасы 35-ке дейін.
* Алматы қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуі болуы қажет.
* соңғы 5 жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы тиіс.
* Алматы қаласында кемінде 6 ай ресми еңбек өтілі болуы керек.
* міндетті зейнетақы жарналарының болуы қажет.
Өтінім 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
