Басты бет » Даналық дәптері » «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті

«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті

7 қазан күні Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы  №85 мектеп-лицейімен бірлесіп «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ тілінің құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала  қарым-қатынасын жетілдіру.

Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының Білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары және ата-аналары (№45, 85, 82, 78, 66, 77 Есіл ауданның мектептері) қатысты.

– Ата-ана, бала, мектеп үштігінің байланысын нығайтатын, ұлттық құндылықты дәріптейтін осындай шаралар ауадай қажет. «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық интеллектуалдық байқаудың жеңімпазы 66 мектептің атынан келген Анияровтар отбасының қазақ тілі, ділі, құндылығы туралы шағын ғана қойылымы жан-жүрегімді тебірентті.

Шағын ғана қойылым қоғамдағы тілдің ахуалы, үлкенге құрметтің азаюы сынды өзекті өртер проблеманы көтерді, – дейді қазылар алқасының мүшесі, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі жобасының авторы және жетекшісі, тарихшы, этнология магистрі Тұрар Сәттарқызы.
Қазылар алқасы байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады:
1 орын иегері – Анияровтар әулеті, №66 мектеп-лицейі;
2 орын иегері – Жакуповтар әулеті, Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни атындағы №85 мектеп-лицейі;
3 орын иегері – Иманғалиевтер әулеті, Ф. Оңғарсынов атындағы №77 мектеп-гимназиясы.
Номинациялар бойынша қорытындысы:
«Ұлағатты отбасы» – Байнұр әулеті, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;
«Озат отбасы» – Талғатовтар әулеті, №45 орта мектебі;
«Берекелі отбасы» – Букановтар әулеті, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы.