Бөлісу

Ғибратты тәрбие:
«Менің 3 балам бар. Үшеуіне 3 банан алып беруге шамам жетеді. Алайда, мен 3 банан алсам да үшеуіне 1 бананды беремін де: «Үшеуің бөліп жеңдер» — деймін. Бастапқы кезде таласып жүрді, келіспей жүрді. Кейіннен бұл нәрсе әдетке айналып кеткені соншалық, кез-келген нәрсені таласпай, бөлісетін болды. Кейде бір ойыншыққа таласып, біреуі жылап келеді. Сол кезде таласқан екеуін қатар отырғызып қойып: «Мынау ойыншық, яғни — дүние. Мынау — бауырың. Тірі адам. Ертең ойыншығың ескіреді, бұзылады, сынады. Саған бір кездері көмек қажет болады. Сонда ойыншығың көмектесе алмайды, бауырың көмектеседі.» — деп жайлап түсіндіремін де сосын сұраймын: «Сен үшін қайсысы жақын? Қайсысы бағалырақ? Бауырың ба, әлде, ойыншық па?»- деп. «Бауырым» — деп жымың-жымың етіп қояды бір-біріне қарап. Сөйтіп олардың бойына кішкентай кезінен бауыр деген кез келген дүниеден жақын екендігін құйып өсірудемін» — деген еді. Шәкәрім атамыз айтқандай, «қоғам жалғыздардан құралатын» болса, әрбір адам өзін дұрыстау арқылы, өзіне қарасты адамдарды дұрыс жолға салу арқылы қоғамды да жөндеуге болады екен.