Жеті қазына:
- Ер жігіт
- Сұлу әйел
- Ақыл, білім
- Жүйрік ат
- Қыран бүркіт
- Берен мылтық
- Жүйрік тазы.
Жеті жетекші:
- Адамның басшысы – ақыл,
- Жетекшісі – талап.
- Жолаушысы – ой.
- Жолдасы –кәсіп.
- Қорғаны – сабыр.
- Қорғаушысы – мінез.
- Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/.
Жеті ғашық:
- Ләйлі – Мәжнүн
- Фархад – Шырын
- Таһир – Зуһра
- Арзу – Қамбар
- Уәлік – Ғарра
- Уәки – Күлшаһ
- Жүсіп – Зылиқа
Жеті шәріп /Жеті әулие/:
- Меке шәріп
- Мәдина шәріп
- Бұхар шәріп
- Шам шәріп
- Қатым шәріп
- Құддыс /Мысыр/ шәріп
- Кәләм шәріп /Құран/.
Жеті ғалам:
- Шығыс
- Батыс
- Оңтүстік
- Солтүстік
- Аспан /жоғары ғалам/
- Жер /орта ғалам/
- Жер асты /төмендегі ғалам/
Жеті күн:
- Бүгін
- Ертең
- Бүрсігүні
- Арғы күн
- Ауыр күн
- Соңғы күн
- Азына
- Дүйсенбі
- Сейсенбі
- Сәрсенбі /сәтті күн/
- Бейсенбі
- Жұма /қасиетті күн/
- Сенбі
- Жексенбі.
Жеті жұт:
- Құрғақшылық
- Жұт /мал қырылу/
- Өрт
- Оба /ауру/
- Соғыс
- Топан су
- Зілзала
Жеті жоқ:
- Жерде өлшеуіш жоқ
- Аспанда тіреуіш жоқ
- Таста тамыр жоқ
- Тасбақада талақ жоқ
- Аллада бауыр жоқ
- Аққуда сүт жоқ
- Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса-
Бірінен де сол жетім.
Жеті ата:
- Бала
- Әке
- Ата
- Арғы ата
- Баба
- Түп ата
- Тек ата.
Жеті қат көк:
- Ай
- Күн
- Шолпан
- Есекқырғын /Меркурий/
- Қызылжұлдыз /Марс/
- Сатурн
- Мүштәри /Юпитер/.
Жеті амал:
- Күннің тоқырауы
- Қарашаның қайтуы
- Үркердің батуы
- Мұздың қатуы
- Киіктің матауы
- Қыс тоқсан
- Ай тоғамы.