Басты бет » Жаңалықтар » Қазақ жігіті Grammy сыйлығына ұсынылды

Қазақ жігіті Grammy сыйлығына ұсынылды

Фото: https://outstyle.org/

Roses атты әнге (SAINt JHN) ремикс жасап әлемге танылған қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығына ұсынылды. Номинанттарының тізімі әлемдік премияның ресми сайтында жарияланды. Бұл туралы @azattyq.ruhy инстаграм парақшасында жазды.

Айта кетейік, Иманбек — Grammy сыйлығына үміткер алғашқы қазақстандық. Оның ремиксі YouTube желісінде 117 миллион рет қаралған, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды. Иманбек 2019 жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеген. Алайда, оның Roses әніне жасаған ремиксі тағдырын мүлдем басқа арнаға бұрды.

Еске сала кетейік, шілдеде The New York Times басылымында Иманбек Зейкеновтің сұхбаты шығып, ол ата-анасымен бірге Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында тұратынын айтты. Иманбектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді.

Сондай-ақ жақында қазақстандық музыкант атақты америкалық әнші, биші, актер, R&B бағытындағы табысты артист Usher және Marshmello деген лақап атпен танымал диджеймен бірлесіп Too much атты ән жазды.

Пікір жазу