Басты бет » Жаңалықтар » Қазақ қызық Қарақат Башанова Junior Eurovision конкурсында 2-орын алды

Қазақ қызық Қарақат Башанова Junior Eurovision конкурсында 2-орын алды

Қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова 29 қарашада өткен балалар арасындағы Евровидение (Junior Eurovision-2020) конкурсында 2-орын алды. Ол ән байқауында «Forever» («Мәңгілік») әнін орындады. Франциялық әнші Валентина жеңімпаз атанса, үшінші орынды испаниялық әнші Солиа иеленді. Биылғы байқауға Нидерланд, Беларусь, Грузия, Украина, Мальта, Польша, Ресей, Сербия, Германия қатысқан болатын.

Қарақат — 152 ұпай (83 ұпай әділқазылардан+62 ұпай көрермендердің дауысынан), Валентина 200 ұпай (88+112) жинады.

Осылайша, қазақ өнеріне тағы бір жас жұлдыз жарқырап көрінді. Қарақаттың өнері әлемінде әлі талай биік белестерді бағындырарына сенеміз!

Пікір жазу