Басты бет » Жаңалықтар » «Алақанымда өскен құлыншағым»: Димаштың әжесі немересіне ақ тілегін арнады (ВИДЕО)

«Алақанымда өскен құлыншағым»: Димаштың әжесі немересіне ақ тілегін арнады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Коллаж: sn.kz

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылып, тұрмыс құрғалы жатыр, деп хабарлайды Jastar janary Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеп.

Екі жастың қуанышына орай Айтбаевтар әулетінде тойдың басы құдалық өтті. Құдалықты сөз сөйлеген Қанат Айтбаевтың анасы көптің жүрегін елжіретті.

«Дүниеге келген күнінен бастап алақаныма салып баққан құлыншағым 24 жасқа келіп өз теңін тауып, өз шаңырағының отын тұтатып, бақытқа қадам басып отыр. Ермахан екеуі тек бақытты болсын!» – деді Димаштың әжесі толқынысын жасыра алмай.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ақжарма сөздерін арнады.