Басты бет » Бозбала мен бойжеткен » Әділет Майғазиев сүйіктісі Әдиямен қалай танысқанын айтты

Әділет Майғазиев сүйіктісі Әдиямен қалай танысқанын айтты

"Аяқ киімін әпердім": Әділет Майғазиев сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Күні кеше шаңырақ көтеріп, дүркіретіп тойын өткізген Әділет Майғазиев сүйіктісімен қалай танысқаны туралы айтты, деп жазды Jastar janary.

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісі Әдия Мәуленмен Ақтау қаласында танысқан.

«Берекет деген досым кофехана ашты. Сол жерге әкем, көмекшісі үшеуміз қолдау білдіріп бардық. Сол жерде Әдияны алғаш көрдім. Сырттай бірден ұнап қалды. Бірақ сол сәтте таныстық орнаған жоқ», – дейді Әділет.

Әдемі бойжеткенді сырттай ұнатқанмен жақын араласа қоймаған. Кейін Әділет өзінің досының тойында Әдиямен жақын танысқан.

«Досым Берекет үйленетін болды. Сол тойға ата-анаммен бірге бардық. Әдия – досымның қарындасы болғандықтан алғашқыда ашық сөйлесе алмадым. Бірақ тойдан кейін жастар бас қосқан кеште екеуміз жақынырақ таныстық», – деп Әділет қалыңдығымен танысқан сәтін есіне алды.

Осылайша, Әділет пен Әдия жақын араласа бастаған.

«Сол күні сыртқа шыққанда оның аяқ киімін әпердім. Сол сәтте оған қамқорлық жасағым келді. Содан бері араласып, жақын дос болдық. Уақыт өте келе сезімге ұласып, ақыры шаңырақ көтердік», – деді Әділет.

Мамыр айында Әділет Майғазиев сүйіктісі Әдияға үйленуге ұсыныс жасап, күні кеше дүркіретіп тойын өткізді.