«Криминалист мамандығы сырт көзге қарапайым мамандық болып көрінгенімен, оны толық игеріп, білікті маман болу үшін әр адамнан тынымсыз ізденісті талап етеді. Өйткені, орын алған қылмыстардың ізін суытпай, тез арада ашылуына криминалистиканың тигізер септігі мол. Тіпті, ішкі істер органдарын криминалистикасыз елестету мүмкін емес. Еліміздегі криминалистика саласы жыл өткен сайын жетіліп, заманауи техникалармен жабдықталуда. Оқып-үйренгенін тәжірибе жүзінде пайдаланып, бірнеше ...
Толығырақ »Бозбала мен бойжеткен
Сарбаздың хаты
Алдыңғы мақаламда әскерге қалай келгенімді жан-жақты жазған болатынмын. Бүгінгі сөз ұлттық ұлан сарбазының бір күні және маңызды нәрселер туралы болмақ. Сізге ұнайтынына сенімдімін. Ендеше, оқып көріңіз. 5513 әскери бөлімінің әр сарбазы өзіне тапсырылған міндеттерді тиянақтылықпен орындайды. Ерте тұру – сарбаздың дағдысы, әскердің өзгермейтін заңы. Таңғы сағат 06:00-де ұйқыдан тұрып, 06:05-те батальон алдына сапқа тұрамыз. Кезекші офицер пәрмен бергеннен кейін жорықтық ...
Толығырақ »Ұлттық рух қайда? Аттың үстінде
Ұлттық код дегенді әркім әрқалай түсінеді. Біздің білетініміз, ол мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, ол сіз бен біздің, яғни қазақтың жүрегінің ішінде болуы тиіс «рухани тамыр». Айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың «Атқа мінген кезімде менің өзім, таққа мінген адамды менсінбеймін!» деген сөзі бар. Ол сөз рас болар. Атқамінер деген сөз бар. Қазақ бұлай деп атқа мінуге физикалық мүмкіндігі ...
Толығырақ »Ананың ұлына кеңесі
Ердің екі сөйлегені – өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын. 3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. 4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс 5. Таспен атқанды аспен ат – жеңісің! Содан кейін алшақ жүр. 6. Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады. 7. Ешқашан мақтанба! ...
Толығырақ »Күркетауық бағып, 23 жасында Gelandewagen мінген жігіт
Бақыт Кенжебаевты Шымкенттен 25 шақырым жерде қыр басында жолықтырдық. Жеті жылдан бері жапан далада жалғыз өзі күркетауық бағып, шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. – Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы №44 мектепте білім алдым. Жақсы оқыдым. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатынмын. 9 сыныптан кейін ата-анам білімімді ары қарай колледжде жалғастыруымды қалады. 2011 жылы автоматтандыру және басқару мамандығын бойынша қызыл диплом алдым, – дейді ...
Толығырақ »Насыбай туралы шариғаттың үкімі қандай?
Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерін назарға ала отырып бекітілген мынадай фиқһ қағидалары бар: Біріншісі — «Әр зиянды нәрсенің үкімі – харамға байланған»[1]деген қағида, екіншісі — «Жаманы мен жақсысы қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау». Бұл дегеніміз, насыбайдың жаппай атқан адамға тиетін зардабы анықталып жатса және оның зияны пайдасынан асып түссе немесе пайдасы мен зардабы қатар келсе, онда оған ...
Толығырақ »Өзгеге еліктемей, өз болмысыңды дәріпте!
Бұрын «сәнқой» деген қыздарға қарата айтылатын теңеу секілді еді, бүгінгінің де жігіттері де сәнденіп алатынды шығарған. Көшеде кетіп бара жатсаң, соңғы үлгідегі киім тырысқан шалбар мен жейде киіп, мүсіндерін көрсетіп тұрған жігіттерді осы күндері жиі кездестіреміз. Ол аздай құлақтарына сырға тағып, шашын өсіріп, бояп алатын да жігіттерді көрсек таң қалмайтын болдық. Қазір техниканың дамыған заманы, жаһандану дәуірі деп жүрміз. ...
Толығырақ »Қазақ қызы Қытайдың “Жыл студенті” атанды
Қытай елінің Шанхай педагогикалық университетінде білімін жетілдірген павлодарлық түлек Фарида Төлеубаева “Жыл студенті” атанды деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Ол қатарластарынан топ жарып шыққаны үшін шетелдік студенттер факультетінің деканы Хуанг Мэй Сюдің атынан екі бірдей дипломға ие болған. “Қытай елінде экологиялық мәселе күн сайын артып келеді. Сондықтан мұнда бетперде киіп жүру үйреншікті әдетке айналған. Қыр асып, білім жолына түскен мен сияқты ...
Толығырақ »23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр
Өткен 6 шілде, Астана күнінде қазақтың ұшқыш қызы бір ерлігін Астана мерекесінің құрметіне арнады. «Сіздерге Ұлттық ұланның 23 жастағы аға ұшқыш-штурманы Ардана Ботайды (суретте) таныстырайын. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. Кейін отбасы Астанаға көшіп келді. Ардана 2011-жылы №2 мектеп-гимназияны бітірген соң Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. 2013-жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға ...
Толығырақ »